Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландырудың жоба (GEFF II) қаржы, кеңес беруді ұсынып, өнімділігі жоғары технологиялар мен практикалардың көмегімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жеке тұлғаларды өз үйлерінде және жеке сектор кәсіпорындарында жайлылықты жақсартуға ынталандырады.
Жасыл экономика — бұл өндіріс пен тұтыну саласында энергия мен судың пайдалануын минимумға келтіретін, және сол арқылы қоршаған орта мен климатқа теріс ықпалын барынша азайтатын экономика.
GEFF II қоры «Жасыл технологияларға» инвестициялар үшін қаржыландыруды ұсына отырып, бұл ауыспалы процесті қолдайды, яғни:
• Энергияның қолдануын ықшамдайтын технологиялар
• Жаңғыртылатын көздерден энергияны түрлендіретін технологиялар
• Су ресурстарының сақталуын қамтамасыз ететін технологиялар
Келісімге сәйкес GEFF ЕҚҚЖДБ қатысушы жергілікті қаржы мекмелеріне (KKM) жеке қарыз алушыларды кейінгі кредиттеу үшін қарыз ұсынады. Қаржы климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оларға бейімдеуге ЕҚҚЖДБ тәсілдемесіне сәйкес – парниктік газдардың шығарындысын азайту бойынша жан жақты қамтылған стратегиясына және энергия тиімділігін арттыру, жасыл экономикаға көшуге инвестициялар үшін қолданылатын болады.
Қазақстанда GEFF II инженерлерді, экология, қаржы және маркетинг жөніндегі сарапшыларды қоса мамандандырылған кеңесшілер командасының қолдауын табады, олар KKM мен олардың клиенттеріне өз класында үздік технологиялардың қолданылуымен «жасыл» жобаның бар өмірлік циклі бойында тікелей қолдау көрсетіп, кеңестерін ұсынады. Клиенттерге арналған техникалық көмек тегін болып табылады.
Техникалық қолдау GEFF жергілікті командасымен көрсетіледі, ол компанияларға жоба әзірлеудің, инестицияларды бағалау және жобаны жүзеге асырудың түрлі кезеңдерде көмектеседі. Бұл ең үздік шешімдерді анықтауға және жасыл экономиканың сапалы жобаларын табысты қаржыландыруын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, өтінеміз, GEFF жүгініңіз
Supported by: