Өтінімді беру
Тиісті жабдық және материалдарды таңдау (немесе өнімділігіне қойылатын минималды талаптарын растайтын өндірушінің сипаттамаларын алу) және сәйкестік сертификатын құру үшін Жасыл Технологиялар Селекторын (Green Technology Selector) қолданыңыз. Оны басып шығарып, құрылғыда сақтап қойыңыз немесе сертификаттың нөмірін жазып алыңыз, бұл оны Жасыл технологиялар селекторында табуға мүмкін болу үшін жасалады.
Сіздің жергілікті жеткізушіден /дистрибьютордан таңдалған технологияларға шот -проформаны алыңыз. Шот-проформа келесіні қамтуы тиіс:
Сіздің таңдаған қатысушы қаржы мекемеңізден өтінім нысанын толтырыңыз және оны жоғарыда аталған құжаттармен бірге жіберіңіз.
Сәйкестігі мен төлемді тексеру
Қатысушы қаржы мекемесі GEFF аясында қаржыландыруды алуға , сіздің құқығыңызды, ішкі стандарттар мен процедураларына сәйкес кредит қабілеттілігіңізді, сонымен бірге сәйкестік сертификатында көрсетілген технологиялар жасыл технологиялар селекторында атап көрсетілгенін бағалайды. Расталғаннан кейін сізге таңдалған технологияны сатып алу мүмкіндігіңіз үшін қаржыландыру ұсынылады.
Технологияны қондыру
Технологияны (жабдық) қондыруды ұйымдастырыңыз. Сізде шот- фактура және төлемді растау, сондай ақ қондырудың/пайдалануға енгізудің (қолданылатын болса) кез келген сертификаттары бар екендігіне көз жеткізіңіз, ол растауды сұрау кезінде сіз ұсыну үшін керек.

Supported by: