Энергия тиімді шешімдер қолданылған жаңа буындағы «жылы» қойманың құрылысы
Жеке кәсіпкер Османов үш жылдан астам уақыт бойы Алматы облысында плиталар мен брусчатка сатып, төсеу қызметін көрсетіп келеді. Жылы қоймалық үй-жайларға сұраныстың артуы бизнесті кеңейтуге түрткі болды. 2025 жылы кәсіпкер Алматы маңындағы 4 гектар аумақта заманауи қойма орталығын салуға шешім қабылдады.
Жобаны жүзеге асыру және жоғары энергия тиімділігі бар жаңа жабдықтар мен материалдар сатып алу үшін ол Shinhan Bank Kazakhstan-ға қаржыландыруға өтініш берді. Банк оған ЕҚДБ-ның GEFF жасыл технологияларды қаржыландыру бағдарламасы қатысу мүмкіндігін ұсынды, ол энергия тиімді және экологиялық таза технологияларға инвестицияларды қолдайды.
Жаңа орталықта минералды жүннен жасалған сэндвич-панельдер, энергия үнемдейтін жарықтандыру, фанкойлдар және Жасыл Технологиялар Селекторында тіркелген электр тиегіштер орнатылды.
Қойма орталығының құрылысы осы жылы аяқталып, компанияның дамуындағы маңызды кезеңге айналды. Кәсіпкер өз тәжірибесін орнықты технологияларға деген қызығушылығымен сәтті ұштастыра білді.
Жоба заманауи әрі энергия тиімді қоймаларды құруға бағытталған. Ол экономикалық тиімділікті арттырып, қызмет сапасын жақсартады және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді. Бұл жоба шағын бизнестің Қазақстанда орнықты құрылыс пен энергияны ұтымды пайдалануға қалай үлес қоса алатынын көрсетеді.
Жоба Climate Investment Funds (CIF) қолдауымен жүзеге асырылды.
Supported by: