Электр автомобильдері паркін кеңейту Алматы қаласында экологиялық қалалық көлікті дамытуға және такси қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді
2022 жылы тіркелген «Esentai Success» ЖШС Алматы қаласында такси қызметін көрсету үшін электр автомобильдері паркін кеңейту жобасын іске асырды. Жоба қалалық такси қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстанда такси қызметтеріне сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл жеке автокөлікті ұстау шығындарының өсуіне, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарын кеңейтуге және автотұрақ орындарын қысқартуға бағытталған қалалық көлік саясатының іске асырылуына байланысты. Соның нәтижесінде эконом-класс такси қызметтеріне сұраныс ұсыныстан тұрақты түрде жоғары.
Қолданыстағы автопаркті кеңейту үшін компания Жасыл Tехнологиялар Cелекторында тіркелген Hongqi E-QM5 маркалы 143 электр автомобилін сатып алды. Жобаны іске асыру нәтижесінде компанияның электр автомобильдері паркі 35-тен 178 бірлікке дейін ұлғайып, Алматы қаласында такси қызметтерін көрсету ауқымы кеңейді. Жоба ЕҚДБ-ның GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы «BCC Leasing» ЖШС қаржыландыруының арқасында іске асырылды.
Бензинмен жүретін автомобильдермен салыстырғанда, электр автомобильдері пайдалану кезінде CO₂ шығармайды және пайдалану шығындары төмен болады. Іске асырылған жоба Алматы қаласында экологиялық көлікті пайдалануды кеңейтуге және такси қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға ықпал етеді.
Supported by: