Газдалған бетон блоктарының жаңа өндірісі Қазақстанның құрылыс секторында энергия тиімді құрылыс материалдары ұсынысының кеңеюіне ықпал етеді
«S NS BETON» ЖК 2022 жылы тіркелген және Алматы қаласының Алатау ауданында автоклавты газдалған бетон блоктарын шығару жобасын жүзеге асыруда.
Соңғы онжылдықта Қазақстан тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынын көрсетіп отыр, бұл газдалған бетонға деген сұраныстың тұрақты өсуімен ұласуда. Дәстүрлі құрылыс материалдарының қымбаттығы және ғимараттардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптардың қатаңдатылуы оның құрылыс саласында қолданылуының артуына ықпал етеді. Бұл ретте елдегі газдалған бетонға деген сұраныс бұрынғысынша қолданыстағы ұсыныстан асып түсуде.
Жаңа кәсіпорынды іске қосу үшін компания тәулігіне 32 м³-ге дейінгі өнімділігі бар, скипті жүккөтергішпен жабдықталған автоклавты газдалған бетон өндіру желісін сатып алуды және орнатуды жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын әртүрлі өлшемдегі 2,8 млн-ға дейін блокты шығаруға мүмкіндік береді.
Жоба ЕҚДБ-ның GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы аясында ұсынылған ЦентрКредит Банкінің қаржыландыруының арқасында жүзеге асырылуда.
Автоклавты газдалған бетон блоктары дәстүрлі бетон блоктармен салыстырғанда жылу өткізгіштігінің төмендігімен, тығыздығының аздығымен және салмағының жеңілдігімен ерекшеленеді. Инвестиция Қазақстан нарығында энергия тиімді құрылыс материалдарының ұсынысын арттыруға және құрылыс секторы тарапынан өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Supported by: