enrukk

Заманауи суару жүйелері ауыл шаруашылығын дамытады

Investor
«Rancho Hampshire» ЖШС
Location
Алматы облысының, Қазақстан
Investment
Жаңбырлатқыш машиналар
Investment size
US$ 170,832
Energy savings
474,378 МВт-сағатты құрайды
CO2 savings
Жылына 115 тонна
Impact
Су ресурстарын тиімді пайдалану
Donor
CIF

Заманауи суару жүйелері Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнына дақылдардың өнімділігін арттыруға және су ресурстарын тиімді пайдалануға көмектеседі

«Rancho Hampshire» ЖШС, Алматы облысы Іле ауданына орналасқан, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту саласында қызмет етеді. Кәсіпорын ағылшын тұқымды қойларды өсіруге және мал азығы дақылдарын, соның ішінде жүгері, люцерна және әртүрлі шөптерді өндіруге маманданған.

Қазіргі уақытта кәсіпорында арық жүйесі арқылы суару жүргізіледі, бұл судың бір бөлігінің жоғалуына және жерді пайдалану тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында компания заманауи суару технологияларын енгізуге шешім қабылдады.

Осы мақсатта кәсіпорын 300 гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін арналған алты тұрақты дөңгелек жаңбырлатқыш машинасын сатып алды. Жобаны қаржыландыру ЕБРР-дың GEFF «Жасыл экономикаға қаржыландыру» бағдарламасы аясында Банк ЦентрКредитке несиесі арқылы жүзеге асырылды.

Компания таңдаған жаңбырлатқыш машиналар GEFF бағдарламасының талаптарына сәйкес келіп, Жасыл Технологиялар Селекторында  тізіміне енгізілді, бұл олардың сатып алынуына несие алу процесін едәуір жеделдетті.

Заманауи суару жүйелерін енгізу және егістік алқаптарын ұлғайту өндіріс тиімділігін арттыруға және мал шаруашылығын дамыту үшін азық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Жаңбырлатқыш машиналарды пайдалану автоматтандырылған суаруды қамтамасыз етеді, тегіс емес жерлерде суарудың біркелкілігін қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл компанияға суды тиімді пайдаланып, шығындарды азайтуға және жерлердің өнімділігін арттыруға көмектеседі», – деп бөлісті Компания директоры Чепис С. Н.