Энергия үнемдейтін технологиялар мен «жасыл» қаржыландыру жылыжай бизнесінің ауқымын кеңейтіп, CO₂ шығарындыларын азайтуға көмектесті.
Ecoinvest S.A. компаниясы 2017 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында тіркеліп, көкөніс өсірумен сегіз жылдан астам табысты айналысып келеді.Компания қияр мен қызанақ сияқты көкөністерді, сондай-ақ олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіруге маманданған. Компания жылына 6 000 тоннаға дейін өнім өндіретін өз жылыжайларына ие. Жылыжай кешені 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды. Бірінші кезең сәтті жүзеге асқаннан кейін, компания қосымша 9,5 гектар жерді игеріп, жаңа жылыжайлар салуға шешім қабылдады.
Өңірдегі көптеген фермерлік шаруашылықтар сияқты, бұл компания да ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу үшін тұрақты электр қуатының аса маңызды екенін айқын сезінуде. Аймақтағы жиі электр үзілістері бизнестің дамуына елеулі қиындықтар туғызды. Суару жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын басшылығы тұрақты энергетикалық шешімге — жерге орнатылатын күн панельдерін пайдалануға инвестиция салу туралы шешім қабылдады. Күн сәулесі белсенді түсетін бұл өңірде осындай жобаны іске асыру — табиғи таңдау болды.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) GEFF жасыл экономика қаржыландыру бағдарламасы мен Банк ЦентрКредиттің қаржылық қолдауының арқасында компания танымал қытай брендінен 940 күн панелін сатып алып, орнатты. Бұл жүйе кәсіпорынның энергетикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтып, тұрақсыз сыртқы энергия көздеріне тәуелділікті төмендету арқылы қоршаған ортаға әсерін де қысқартты.
«Біздің үшін суару жұмыстары уақытында және үзіліссіз жүргізілуі өте маңызды. Күн панельдері бізге таза энергия алуға әрі табиғатты – бизнесіміздің негізін – сақтауға көмектеседі», — деп атап өтті кәсіпорын басшысы мырза Бейсенбеков С.П.
Жоба Climate Investment Funds (CIF) қолдауымен жүзеге асырылды.
Supported by: