enrukk

Ханарық ауылындағы азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш

Фируза Исатаеваның Қазақстанның Түркістан облысы Төлеби ауданы Ханарық ауылында шағын азық-түлік дүкені бар. Бизнеске келгелі 10 жылдан асты, МҚК “KMF”  тұрақты кредит алып тұрады, клиенттің кредиттік тарихы 7 жылдан астам уақытты құрайды. МҚК “KMF”-пен көпжылғы ынтымақтастықтың арқасында мен өз бизнесімнің айналымын ұлғайттым. Осы жолы дүкеніме тоңазытқыш қажет болды. Менің бизнесім үшін ең пайдалы әрі тиімді болғасын, сонымен қатар 10% қайтаратындықтан жасыл микрокредит алуға кеңес берді. Бір жұманың ішінде біз LG фирмасының тоңазытқышын таңдап, дүкенге орнаттық. 3 аптадан кейін маған  тоңазытқыштың құнының 10% қайтарды, мен бұған дән риза болдым»,- деп бөліседі Фируза.

GEFF-тың Қазақстандағы Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін келесі қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу концепциясы (ЖЭК) шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жақында жариялаған көлемді жоспарлардың бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге айырықша назар аудара отырып, 2025 жылға дейін климаттық қаржыландырудың ЕҚҚДБ инвестицияларының жылдық көлеміндегі үлесін 50% жеткізу мақсаты қойылған.

 GEFF бағдарламасы ЕҚҚБД 27 операция жасалатын елдеріндегі 155 қаржы ұйымдарынан құралған желі арқылы әрекет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға жетті, оны 202 мың клиент алған. Жүзеге асырылған жобалар жыл сайын 9 млн. тоннаға СО2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берді. Өз қызметі кезінде ЕҚҚДБ Қазақстан Республикасының экономикасында инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 8,6 млрд. еуроны құрайтын 276 жобаны іске асырған.