Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландырудың жоба (GEFF ) қаржы, кеңес беруді ұсынып, өнімділігі жоғары технологиялар мен практикалардың көмегімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жеке тұлғаларды өз үйлерінде және жеке сектор кәсіпорындарында жайлылықты жақсартуға ынталандырды.
GEFF пилоттық кезеңі 2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қазанына дейін жұмыс істеді. Жасыл экономика — бұл өндіріс пен тұтыну саласында энергия мен судың пайдалануын минимумға келтіретін, және сол арқылы қоршаған орта мен климатқа теріс ықпалын барынша азайтатын экономика.
GEFF қоры «Жасыл технологияларға» инвестициялар үшін қаржыландыруды ұсына отырып, бұл ауыспалы процесті қолдады, яғни:
• Энергияның қолдануын ықшамдайтын технологиялар
• Жаңғыртылатын көздерден энергияны түрлендіретін технологиялар
• Су ресурстарының сақталуын қамтамасыз ететін технологиялар
Келісімге сәйкес GEFF ЕҚҚЖДБ қатысушы жергілікті қаржы мекмелеріне (KKM) жеке қарыз алушыларды кейінгі кредиттеу үшін қарыз ұсынды. Қаржы климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оларға бейімдеуге ЕҚҚЖДБ тәсілдемесіне сәйкес – парниктік газдардың шығарындысын азайту бойынша жан жақты қамтылған стратегиясына және энергия тиімділігін арттыру, жасыл экономикаға көшуге инвестициялар үшін пайдаланылды.
Қазақстанда GEFF инженерлерді, экология, қаржы және маркетинг жөніндегі сарапшыларды қоса мамандандырылған кеңесшілер командасының қолдауын алды, олар KKM мен олардың клиенттеріне өз класында үздік технологиялардың қолданылуымен «жасыл» жобаның бар өмірлік циклі бойында тікелей қолдау көрсетіп, кеңестерін ұсынды. Клиенттерге арналған техникалық көмек тегін болып болды.
Техникалық қолдау GEFF жергілікті командасымен көрсетілді, ол компанияларға жоба әзірлеудің, инвестицияларды бағалау және жобаны жүзеге асырудың түрлі кезеңдерде көмектесті. Бұл ең үздік шешімдерді анықтауға және жасыл экономиканың сапалы жобаларын табысты қаржыландыруын қамтамасыз етуге көмектесті.
Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, өтінеміз, GEFF жүгініңіз
Supported by: