enrukk

Success Stories

Табысты жобалар жасыл инвестициялардың жаңа мүмкіндіктері үшін  жиі  шабыт көзі  болады. Осында келтірілген үлгілер GEFF тәжірибесі мен қаржылық көмегі арқылы неге қол жеткізгендігін  көрсетеді.

Туралы көбірек біліңіз Worldwide Success Stories

Алматы облысындағы су электр станциясы, Райымбек ауданы, Орта Қақпақ өзенінде, Қақпақ кентінің маңында

27.09.2023 -

2023 жылы «Қонаев және Компания» ЖШС су электр станциясын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтап, жалпы қуаты 2.2 мегаватты станцияны пайдалануға берді. Жоба іске асырылған Райымбек ауданының жалпы қажеттілігі 6 мегаватты құрайды. Станцияны пайдалануға арналған жабдықтар Чехиядан сатып алынып, импортталды. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 3,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның 2.1 млн. «Банк ЦентрКредит»

DETAILS

Алматы қаласындағы кеңсе ғимаратының көгалдарын суаруға арналған бүріккіштер

31.07.2023 -

Алматыдан келген кәсіпкердің жалға беретін сауда үй-жайы бар. Кеңсе ғимаратының алдында жасыл көгалдың тартымды көрінісін сақтау үшін ол кәдімгі бақша шлангтарын пайдаланды. Бұл өте ыңғайсыз болды, өйткені бақыланбайтын су шығыны көгалдың батпақтануына әкелді, шөптің тамыры артық судан өміршеңдігін жоғалтты, нәтижесінде көгал ұқыпсыз көрініске ие болды. Теріс салдардың алдын алу үшін кәсіпкер біркелкі және сапалы суаруға

DETAILS

Момынай кентінің жеке үйіне жаңбыр суын сақтауға арналған резервуарды сатып алу

31.07.2023 -

Соңғы кездері су ресурстарын үнемдеу және ұтымды пайдалану мәселесі өте өзекті болды. Суару үшін орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдалану, әсіресе Қазақстанның құрғақ аймақтарында тиімсіз және қымбатқа түсуде. Түркістан облысы, Момынай кентіндегі жеке үйдің иесі бұл мәселені өзінің жеке учаскесін суару үшін ағынды және жаңбыр суын жинауға арналған резервуарды пайдалану арқылы шешті. Бұл ұзақ мерзімді инвестиция екенін

DETAILS

Павлодар облысының жас кәсіпкері үшін суарудың жаңа жүйесі

30.06.2023 -

Павлодар облысының жас кәсіпкері картоп өсірумен айналысуға шешім қабылдады. Оның көптеген туыстары да осы бизнеспен айналысатындықтан, олар оған тамшылатып суару жүйесін сатып алуға кеңес берген. Осы суару технологиясының көмегімен ерітілген тыңайтқыштар сумен бірге тамыр аймағына тікелей жеткізіліп, жоғары өнім алуға ықпал етеді. Кәсіпкер энергиялық тиімді және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен бизнесті жаңғыртуға ықпал ететін ЕДҚҚБ-ның 

DETAILS

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген кәсіпкер үшін жаңа топырақ қопсытқыш

30.06.2023 -

Оңтүстік-Қазақстан облысының кәсіпкері бірнеше жылдан бері бидай өсірумен айналысады. Ол жыл сайын, егіс маусымы басталғанға дейін, жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін егістік алқаптарын өңдейді. Биылғы жылы өңдеу процесін жеделдету үшін қосымша топырақ қопсытқышын сатып алу қажеттілігі туындады, өйткені егіс алқабы бірнеше ондаған гектарды алып жатыр. Кәсіпкер ЕҚДБ-ның (GEFF) жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының кеңесшісіне жүгінді, ол

DETAILS

Ақмола облысының тұрғыны үшін заманауи жылыжай

30.05.2023 -

Ақмола облысындағы шағын ауыл тұрғыны өз учаскесіндегі жылыжайда түрлі көкөніс дақылдарын өсіреді. Бастапқыда егін тек отбасына арналған, бірақ биылғы жылы ол көкөністерді коммерциялық мақсатта өсіруді шешті. Аймақта жаңа піскен көкөністерге сұраныс өте жоғары, бірақ аймақ өте суық және үнемі жел соғып тұратындықтан, жылыжайсыз мұндай жобаны жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Ескі жылыжайдың көлемі көкөністердің қажетті

DETAILS

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруа қожалығы үшін тамшылатып суару жүйесі

30.05.2023 -

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері бірнеше жылдан бері қызанақ өсірумен айналысады. Өткен жылы аймақта жаз өте құрғақ болып жауын-шашын аз жауған. Өнім жоспарлағаннан төмен болды. Кәсіпкер ұзақ мерзімді инвестиция ретінде сапалы жабдықты пайдалана отырып суғармалау жүйесін жаңарту қажеттілігін жете түсінді. Кәсіпкер ЕҚҚДБ-ның энергия тиімділігі мен ресурстарды үнемдейтін технологиялардың көмегімен бизнесті жаңғыртуға бағытталған GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру

DETAILS

Каустикалық соданы өндіру зауыты үшін бу құбырын жаңарту арқылы жылу шығынын азайту

31.01.2023 -

“Каустик” АҚ – 2002 жылы құрылған, хлор-сілтілі өнім өндіретін заманауи өнеркәсіптік кәсіпорын. Компания Қазақстанда өнеркәсіптің түрлі салаларында шикізат және реагенттер ретінде пайдаланылатын каустикалық сода деп аталатын натрий гидроксидінің (NaOH) жалғыз өндірушісі болып табылады. Өндіріс процесі сілтіні бумен буландыруды қажет етеді. Жоба GEFF бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанға дейін бу 1980 жылдары пайдалануға берілген бу құбыры зауытына

DETAILS

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізіндегі ірі ауқымды жел электр станциясы

31.01.2023 -

“Жерұйық Энерго” ЖШС 2016 жылы жалпы қуаты 48,5 мегаватт жел электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылды. Жел паркі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек кентінен 1 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Электр станциясы 25 жел турбинасын басқарады. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 26,2 млн АҚШ долларын құрады, оның 5,4 млн АҚШ долларын

DETAILS

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек дәлізіндегі жел электр станциясы

31.12.2022 -

«Нұрлы ЖЭС» ЖШС 2016 жылы жалпы қуаттылығы 8,45 мегаватт болатын жел электр станциясын салу және пайдалану беру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылды. Электр станциясы 13 жел турбинасын пайдаланады. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 8,7 млн АҚШ долларын құрады, оның 4,7-сін «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды. «Нұрлы ЖЭС»  ЖШС компаниясының басшылығы «Банк ЦентрКредит» АҚ-дағы өз кредиттік

DETAILS

Ресурсты үнемдеуші және энергиялық тиімді цифрлық LED экрандар Алматы және Астана қалаларында баспа билбордтарын ауыстырды

31.12.2022 -

«РТС Деко» АҚ компаниясы – JCDecaux халықаралық компаниясы ұйымдастырған біріккен кәсіпорын. Компанияның негізгі қызмет түрі Компанияға тиесілі жарнамалық құрылымдарда, билбордтарда  сыртқы жарнаманы орналастыру қызметтерін көрсету болып табылады. Компания Қазақстан нарығында  2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания ЕДҚҚБ-ның  GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы  «Шинхан Банк» АҚ бөлімшесінде біледі. Жеке менеджерлері Компания өкіліне бағдарламаның шарттары

DETAILS

Шахтинск қаласындағы көкөніс дүкеніне арналған энергия тиімді тоңазытқыш

30.11.2022 -

Шахтинск қаласының кәсіпкері өз өнімдерін дүкеніне жеткізетін жергілікті көкөніс өндірушілермен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді. Соңғы кездері түрлі жасылдар (укроп, руккола, базилик, салат айсберг) жоғары сұранысқа ие болды. Жасыл желектің жаңалығын сақтау үшін кәсіпкер жаңа тоңазытқыш сатып алуға шешім қабылдады. Ол мұның ұзақ жылдарға арналған инвестиция екенін түсінді, сондықтан А++ энергия тұтыну класы бар модельдерді

DETAILS

Төрткөл ауылындағы азық түлік дүкеніне арналған энергиялық тиімді тоңазытқыш камера

31.10.2022 -

Түркістан облысы Төрткөл ауылының тұрғыны жуырда шағын азық-түлік дүкенін сатып алды. Бұрынғы иесінен дүкенде ескі тоңазытқыш камера қалған. Ол дұрыс жұмыс істемеді және кейде өшіп қалатын, нәтижесінде азық-түлік бүлініп кететін. Дүкен иесі жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш камера сатып алуды шешеді. Қаражаттың барлығы бизнеске салынғандықтан, қажетті құралды сатып алуға қаражат жетіспеді. Кәсіпкер сапалы құралды сатып алу

DETAILS

Талас ауылындағы көпбалалы жанұяға арналған энергиялық тиімді бойлер

31.10.2022 -

Үш кішкентай баласы бар жанұя көшіп келген Талас ауылындағы шағын үйде ескі жылыту жүйесі болған еді. Қысқы уақытта үйде айырықша суық болып, балалар жиі ауырып қала беретін. Ата анасы жылыту жүйесін жаңартуды ойлайды, дегенмен жаңа бойлер сатып алуға өздерінің қаражаты жетпеді. Жұбайлар мұның ұзақ жылдарға салынған инвестиция екенін түсінеді, сондықтан сапалы энергиялық тиімді құралды алуға

DETAILS

Жаңақорған ауылындағы ветеринарлық емханаға арналған жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш

30.09.2022 -

Жаңақорған ауылындағы кәсіпкердің бірнеше жылдан бері өзі ветеринар болып жұмыс істейтін ветеринарлық емханасы бар. Ауыл тұрғындары күн сайын жануарларын вакцинаға және емге алып келеді. Көптеген дәрілік құралдар тоңазытқышта арнайы сақтауды қамтамасыз етуді талап етеді, ал ескі тоңазытқыш жиі бұзылатын. Кәсіпкер өз клиентінен ЕДҚҚБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы естіп, жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш алу

DETAILS

Шахтинск қаласындағы кондитерлік дүкенге арналған энергиялық тиімді күр жуғыш машина

30.09.2022 -

Айгуль Жамкееваның Шахтинск қаласында шағын наубайханасы бар. Ол кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады. Айгуль жұмыс орнын таза ұстау маңызды болғандықтан, жаңа кір жуғыш машина сатып алуды ойлады. Қолайлы үлгісін таңдауға ол үлкен мән берді. Бұл кезде кір жуғыш машинаның қуаттылығы, оның энергиялық тиімділігі және су шығыны сияқты техникалық сипаттамалары ескерілді. Айгуль «КМФ» микроқаржылық ұйымына микроқаржылық ұйымының 

DETAILS

Ақтөбе қаласының кәсіпкері энерготиімді балқыту пештерін орнатты

31.08.2022 -

Алина Есенгелдинова – Ақтөбе қаласының кәсіпкері. Оның кәсіпорны сынықтар мен түсті металдарды қайта балқытумен айналысады. Кәсіпорында токарлық және фрезерлік жұмыстарды жеке тапсырыс бойынша жүзеге асырады. Өнім сапасын жақсарту және электр тұтынуды төмендету үшін Алина Есенгелдинова жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға шешім қабылдады. Өз қаражаты жетіспегендіктен, Алина қаржыландыру үшін «КМФ» микроқаржылық ұйымына жүгінді. Кәсіпкер балқыту пештерін  ЕДҚҚБ-ның 

DETAILS

Алматы облысында энергия тиімді техника табысты жұмыс істеуде

31.08.2022 -

Алматы облысының кәсіпкері Әділет Игісінов бірнеше жылдан бері жер жұмыстарымен айналысып келеді. Жыл сайын оның клиенттері көбейіп келеді, сондықтан мамандандырылған техниканы сатып алу қажеттілігі туындады, оның көмегімен жұмыс өнімділігі мен жылдамдығын айтарлықтай арттыруға болады. Жақында Әділет жаңа техниканы сатып алуға шешім қабылдады, бірақ сатып алуды қаржыландыруға өз қаражаты жетпеді. Кәсіпкер «КМФ» микроқаржылық ұйымынан қаражат сұрады.

DETAILS

Жамбыл облысындағы жаңа экономикалық бүріккіш.

31.07.2022 -

Жамбыл облысында 4 жылдан астам Жордон-Ұлы Жамали Қасымұлы егін шаруашылығымен айналысады. Ол пияз өсіреді және жәндіктерден люцернаны және қызанақты бүркеді. Жұмыс өнімділігі мен жылдамдығын арттыру үшін кәсіпкер мамандандырылған техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға шешім қабылдады. Барлық техниканы сатып алуды қаржыландыруға өз қаражаты жетпеді. Кәсіпкер несие алу үшін «КМФ» микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жүгінді. Кредиттік сарапшы ЕДҚҚБ-ның  GEFF

DETAILS

Энергия тиімділігі және экологиялық тазалық. Орал қаласының компаниясы жаңа экскаватор-тиегіш сатып алды.

31.07.2022 -

Қасымжан Дүйсенғалиев – Орал қаласындағы «KasProStroi» ЖШС құрылыс компаниясының директоры. Компания 5 жылдан астам уақыт бойы көппәтерлі үйлердің құрылысымен айналысып келеді. Бұрын компания өз жұмысы үшін арнайы техниканы жалға алуға мәжбүр болған. Бұл жұмыс процесін қиындатты және елеулі салымдарды талап етті. Сондықтан Қасымжан Дүйсенғалиев өз техникасын сатып алуды ойластырды. Кәсіпкердің барлық жеке қаражаты толық көлемде

DETAILS

Қордай ауылында кофейнаға арналған жаңа энергия тиімді тоңазытқыш

30.06.2022 -

Қордай ауылының тұрғыны иелік ететін шағын кофехана орталық көшеде орналасқан. Келушілер әрқашан көп және түр-түрі үнемі артып отырады. Өнімнің жақсы сақталуы үшін тағы бір тоңазытқыш керек еді. Иесі бірден ұзақ уақыт қызмет ететін сапалы энергия үнемдеу техникасын сатып алуға шешім қабылдады, бірақ сатып алуға барлық сома болмаған. Кәсіпкер «КМФ» микроқаржылық ұйымына жүгінді. Онда оған  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл

DETAILS

Ақтөбе қаласында химиялық тазартуға арналған жаңа энергия тиімді кондиционер

30.06.2022 -

Ақтөбе қаласының кәсіпкері қаланың орталығында орналасқан химиялық тазартқыштың иесі болып табылады. Соңғы кезде клиенттер ескі кондиционердің нашар жұмыс істеуіне байланысты үй-жайдың өте ыстық екендігіне шағымдана бастады. Иесі оны ауыстыруға шешім қабылдады. Тұрмыстық техника дүкенінде консультант оған  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді. Осы бағдарламаның шарттары бойынша Жасыл Технологиялар Селекторынын қолайлы жабдықтарды таңдау кезінде

DETAILS

Шемонаиха қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

31.05.2022 -

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын қатысушысы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан үйінің терезесін ауыстыруды жоспарлап жүрген екен. Ескі терезе жауын-шашыннан бүлінген, су өтіп, шаң-тозаң кіретін. Сондықтан жазда үйде ыстық, қыста салқын болатын. Көбіне көп терезе суланып кететін. Үй иесі ескі терезелерді ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша энергиялық тиімді екі камералы терезелерге

DETAILS

Балпық би ауылындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді газ қазандығы

31.05.2022 -

Алматы облысы Балпық би ауылынан келген Мария Жұмаділова орта мектепте іс жүргізуші болып жұмыс істейді. Жақында ауылда магистральды газбен жабдықтау жүргізілді, әйел өз үйіндегі жылуды қатты отыннан газға ауыстыруға шешім қабылдады, себебі бұл ыңғайлы әрі жылыту шығындарын төмендетеді. Үйге газ жүргізу және жылу жүйесін жаңғырту үшін жаңа газ қазандығын орнату үшін үлкен қаржылық шығындар қажет

DETAILS

Балпық би ауылындағы автокөліктерді жөндеу шеберханасына арналған жаңа энергия тиімді газ қазандығы

29.04.2022 -

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының кәсіпкері отбасылық бизнестің қожайыны болып табылады. Олар ағасымен бірге автокөліктерді жөндейтін шағын шеберхана ұйымдастырды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үй-жай жақында салынған және жылу беру әлі жүргізілмеген. Қызметкерлер үй-жайда жұмыс істеу суық, қолдары үнемі қатып қалады деп шағымданатын. Жаңа газ қазандығын сатып алуға инвестиция салу туралы шешім қабылданды. Жылыту

DETAILS

Ақтөбе ауылындағы жеке меншік балабақшаға арналған жаңа энергия тиімді терезелер

29.04.2022 -

Жамбыл облысы Ақтөбе ауылының тұрғыны – үш кішкентай баланың қамқор анасы. Ол өз отбасымен үлкен жекеменшік үйде тұрады. Екеуі күйеуімен бірге өз үйінде жеке меншік балабақша ұйымдастыруды ұйғарды. Балалардың үйде жайлы болуы үшін үй-жайдың температурасы + 21 + 24 C⁰ деңгейінде болуы тиіс. Ескі терезелердің салдарынан температура төмен болды, әсіресе жылдың суық мезгілінде. Ескі терезелерді

DETAILS

Жамбыл облысы Қостоған ауылындағы киім дүкеніне арналған жаңа энергия үнемдеу кондиционері

27.03.2022 -

Жамбыл облысы Қостоған ауылының кәсіпкері жуырда жөндеуден өткен киім дүкеніне кондиционер сатып алуға шешім қабылдады. Жамбыл облысында ыстық ауа райы жылына 8 айдан астам тұрады. Егер дүкенде кондиционер болмаса, клиенттер аз тауар сатып ала отырып, үй-жайда ұзақ болмайды. Үй-жайды косметикалық жөндеуге жинақ ақшаның барлығы жұмсалғандықтан, әйелден кондиционер сатып алуға барлық сома жұмсалған жоқ. Кәсіпкер «КМФ»

DETAILS

Шиелі ауылының шаруа қожалығы үшін тамшылатып суару жүйесі

27.03.2022 -

Николай Арлиханұлы Сыздықов, Қызылорда облысы Шиелі ауылының тұрғыны, күріш өсірумен ұзақ жылдар айналысады. Бірінші кезекте, өсімдік шаруашылығымен айналысатын адамға уақытты үнемдеп, егін жинау өте маңызды. Сондай-ақ күріштің үнемі су астында болуы маңызды. Николай Арлихановичтің суару жүйесі көп жылдар пайдаланғаннан кейін ауыстыруды талап етті. Ол жаңа тамшылатып суару жүйесін сатып алуға шешім қабылдады, бірақ қажетті сома

DETAILS

Атбасар қаласындағы дәріханаға арналған тоңазытқыш жабдықтар

28.02.2022 -

Ақмола облысы Атбасар қаласының жас кәсіпкері 2021 жылдан бері шағын дәріханаға ие. Ол жаңа тоңазытқыш сатып алуға шешім қабылдады. Тұрмыстық техника дүкенінде әйел консультанттан ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы көмегімен сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы/кэшбек алуға болатынын білді. Бұл ұсыныс оны қызықтырды. Қажетті модель Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында таңдалды. Әйел кореялық брендтің тоңазытқышын

DETAILS

Энергетикалық тиімді тұрмыстық техника Шахтинск қаласының жаңа қожайынын қуантады.

28.02.2022 -

Шахтинск қаласының тұрғыны жуырда өз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, ас үй әдемі әрі жарқын болды. Бірақ тоңазытқыш орны бос еді. Әйел әлдеқашан жаңа тоңазытқыш сатып алғысы келген, бірақ дүкендерде қолайлы модель болмаған. Әйелдер көрші үйде отбасының басқа қалаға кетіп, жиһаз бен техника сататынын білген. Сатушымен кездесіп, ол тоңазытқыштан басқа көршілердің де кір жуатын машина

DETAILS

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтерге арналған энергиялық тиімді терезелер

31.01.2022 -

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жаңадан пәтер сатып алып, оны жөндеуді жоспарлайды. Үй иесіне үйдің терезелері ұнамады. Олар ескі ағаш жақтаулы әрі бір терезесінің әйнегі сынған болатын. Үй иесі оларды ауыстыру үшін әйнек жасайтын зауытқа хабарласады. Зауытта оған  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша энергиялық тиімді терезелерді сатып алуды ұсынады. Бұл бағдарламаның шарттары бойынша Жасыл Технологиялар

DETAILS

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы сұлулық салонына арналған энергиялық тиімді терезелер

31.01.2022 -

Қапшағай қаласындағы шағын сұлулық салонының иесі ескі терезелерін жаңасына ауыстыруды жоспардайды. Себебі көптеген клиенттері терезелерден суық жел келеді деп шағымданатын. Клиенттер үшін қолайлы жағдай жасау – сұлулық салонының сәтті жұмыс істеуінің бірден бір шарты, сондықтан сапалы энергиялық тиімді терезелерді алу туралы шешім қабылданды. Жақын арада салонның иесі Нұр-Сұлтан қаласындағы өзінің танысында қонақта болып, сол кезде

DETAILS

Mәулембай ауылындағы ауыл мектебі мұғалімдерінің жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

24.12.2021 -

Алматы облысы Көксу ауданы Мәулембай ауылындағы ауыл мектебінің оқытушысы өз жанұясымен жеке үйде 7 жылдан астам уақыттан бері тұрып жатыр. Ауылға газ келмеген және осы уақыт ішінде үйді көмірдің көмегімен жылытып келген. Көмір жанған кезде пештен газ бен түтін шыққандықтан, үйде тыныс алу қиындап кететін. Кішкентай балалар үнемі жөтеліп жүреді. Осы жылы ауыл газдандырылған, осыған

DETAILS

Энергия үнемдейтін жабдықтарға инвестициялар тез өтеледі және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді

24.12.2021 -

Қызылорда облысы Шиелі ауылының тұрғыны Нұрлан Абдразаков 15 жылдан астам уақыт бойына мал бағумен және ет сатумен айналысады. Жуық арада ол шаруашылықта жүк тиеу, мал қораны жайластыру және шаруашылық құрылымдарын салу үшін қолдануға жүк тиегішті алуды шешеді. Бұл үшін кәсіпкер  «KMF» Микроқаржылық ұйымға (МҚҰ) қарызға қаржы алу үшін жүгінеді. Нұрланның айтуынша, жүк тиегіш үлгісін нақтылағаннан

DETAILS

Шахтинск қаласындағы өндірістік цех үшін жаңа энергия тиімді газ қазандығы

30.11.2021 -

Қарағанды облысының Шахтинскі қаласындағы қазақстандық компания 2006 жылдан бері шағын өндірістік цехта жиһаз өндірумен айналысады. Орын-жайды жылыту үшін еденге қойылатын жылу желдеткіші пайдаланылады. Жылу желдеткішінен келетін жылу әсері біртектес емес: жылытқыштың жанында аса ыстық, ал бірнеше метр қашықтықта ауа суып, салқын леп еседі. Сонымен қатар, желдеткіш ауаны тым құрғатып жібереді және электр қуатын көп пайдаланады.

DETAILS

Алматы қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

30.11.2021 -

Алматы қаласындағы қазақстандық кәсіпкердің асүй техникасын сату бойынша шағын компаниясы бар. 2019 жылы ол өз отбасына арналған үйдің құрылысын бастады. Жұмыс басталғаннан-ақ кәсіпкер тек энергияны үнемдейтін терезелерді қоюды жоспарлайды. Оған мұндай терезелерді әзірлеп беретін компанияны табу керек. Ол Алматы қаласындағы ірі энергиялық тиімді терезе жасаушыға жолығады. Онда  оған ЕДҚҚБ GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының серіктесі

DETAILS

Чунджа ауылында жеке үйді газдандыру. Көпбалалы жанұяға арналған GEFF бағдарламасы бойынша жаңа жылыту жүйесі

29.10.2021 -

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылының тұрғыны – үлкен жанұяның анасы. Оның отбасы балаларға жылы болуы үшін арнайы жылытуды қажет ететін жеке үйде тұрады. Бұрын үйді көмірмен жылытатын, бұл өте ыңғайсыз. Үйдегі ауа құрғақ болып кетеді, ал қабырғалар үнемі көмір шаңынан ластанып тұратын. Осылайша отанасы үйге газбен жылыту жүйесін өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол газ

DETAILS

Нұр-Сұлтан қаласындағы компания жаңа жоғарыөнімді экскаватор сатып алды

27.10.2021 -

«Центр Блок KZ» ЖШС –  Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орта көлемді компания. Кәсіпорын нарықта 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді және арнайы техниканы операциялық лизингке беру бойынша қызметтер ұсынумен айналысады. Оның негізгі клиенттері – «Астана-Авто-Строй» ЖШС, «Энерго-РЭМ» ЖШС, «Build Stroy Object» ЖШС,және т.б. Қазіргі таңда «Центр Блок KZ» ЖШС бірнеше арнайы техниканы

DETAILS

Қазақстанның отбасы өз үйінің қасбетін жылытты

30.09.2021 -

Зарина Шахмет – Қарағанды қаласының жас кәсіпкері. Зарина үйде тігін цехы бар және әйелдердің киімдерін, алжапқыштарды, дастархандарды жеке тігумен айналысады. Пандемия басталысымен кәсіпкер бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп, бетке арналған матадан жасалған қорғаныш маскаларын тігумен айналысты. Зарина маскаларды сату үшін арнайы инстаграм бетін ашып, дамытады. үздің және суықтың басталуы қарсаңында отбасы үйін жылытуды жоспарлаған. Шағын несие алу

DETAILS

Балпық Би ауылындағы жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

27.09.2021 -

Любовь Остроушко – Алматы облысындағы Балпық Би ауылындағы зейнеткер. Ол жалғыз өзі тұрады және соңғы кездері қысқы уақытта үйін жылыту үшін көмір сатып алу қиынға соғатын болып жүр. Сондықтан ол үйіне газбен жылыту жүйесін орнатуға газ қазандығын алу үшін қаржы алу мақсатында Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ хабарласады. Любовь Валентиновна осыған дейін «KMF» МҚҰ микрокредиттерін пайдаланған,

DETAILS

Шемонаиха қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

30.08.2021 -

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын қатысушысы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан үйінің терезесін ауыстыруды жоспарлап жүрген екен. Ескі терезе жауын-шашыннан бүлінген, су өтіп, шаң-тозаң кіретін. Сондықтан жазда үйде ыстық, қыста салқын болатын. Көбіне көп терезе суланып кететін. Үй иесі ескі терезелерді ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша энергиялық тиімді екі камералы терезелерге

DETAILS

Шымкент қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш

30.07.2021 -

Шымкент қаласының кәсіпкері Ералы Данияров өз үйінде шағын азық-түлік дүкенін ұстайды. Соңғы кезде оның дүкенінің өніміне сұраныс артып, Ерали азық-түлік ұзақ сақталуы үшін мұздатқыш сатып алуға шешім қабылдады. Сондықтан ол алу үшін қаржы алу мақсатында Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ хабарласады. Сатып алу үшін  сарапшысы энергиялық тиімді және сенімді қоса   алу үшін ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы

DETAILS

Тараз қаласында шағын ет саудасына арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш лар

28.07.2021 -

Тараз қаласының тұрғыны Роза Сатпанбетова 10 жылдан астам уақыт бойына жалға алынған орын-жайда ет саудасымен айналысады. Оның тұрақты клиенттері – қаланың кафелері мен мейрамханалары. Энергиялық тиімді техниканы алу пештерін  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында және тауар құнының 10% мөлшерінде өтемақы алу мүмкіндігі туралы ол өзінің «KMF» МҚК кредиттік сарапшысынан білген. Роза тоңазытқыш құралын

DETAILS

Шымкент қаласында шағын ет саудасына арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш лар

30.06.2021 -

Шымкент қаласының тұрғыны Олимжан Курбаншиков базарда ет сатумен айналысады. ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын туралы өзінің кредиттік сарапшысынан естіп, қызығушылық туындайды, себебі оған ет сақтау үшін жаңа мұздатқыш керек еді. Бағдарлама бойынша қолайлы мұздатқыш үлгісін таңдау үшін Олимжан Жасыл Технологиялар Cелекторының онлайн базасын пайдаланды. Нәтижесінде азамат түрік өндірушілерінің мұздатқыш камерасын сатып алады. Оның айтуынша, ол мұздатқыш

DETAILS

Талдықорған қаласындағы “Tim&Ko” кафесіне жаңа энергия үнемдеуіш тоңазытқыш.

24.06.2021 -

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша кредит алған алғашқы клиенттердің бірі Талдықорған қаласының кәсіпкері Светлана Шин болды. Светлана қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқарады, ” Tim&Ko ” кафелер желісінің иесі. Оның кафесі нарықта бес жылдан артық жұмыс істеп келеді және қала тұрғындары арасында белгілі. Кафелердің бірінде тоңазытқыш бұзылып қалды, жөндеуге келмейді. Светлана достарынан Микроқаржы ұйымы

DETAILS

Чунджа ауылындағы жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

24.06.2021 -

2020 жылғы қараша айында  «КМF» Микроқаржылық компаниясына Чунджа ауылында тұратын зейнеткер Насиров Марат Тұрсынұлы барды. Ол ескі пешті ауыстыру үшін өз үйіне жаңа газ қазандығын сатып алуға микрокредит алғысы келеді. «KMF» МҚК қызметкері Марат Тұрсынұлына қазандық құнының 10% мөлшерінде өтемақы алуға болатын ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын ұсынды. Марат Тұрсынұлы энергиялық тиімді құрал-жабдықтар мен

DETAILS

Қызылорда облысы Шиелі ауданында агробизнеске арналған тамшылатып суармалау жүйесінің жобасы

08.06.2021 -

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын тек энергиялық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін материалдар мен құрал-жабдықты ғана емес, сонымен қатар су және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды арттыру технологияларын да қамтиды. Қызылорда облысы Шиелі ауданында тамшылатып суармалау жобасы шеңберінде Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ қаржыландырған су ресурстарын ұтымды пайдалануды арттыру бойынша алғашқы жобалардың бірі болды «КМF» МҚК-ның

DETAILS

Ханарық ауылындағы азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш

08.06.2021 -

Фируза Исатаеваның Қазақстанның Түркістан облысы Төлеби ауданы Ханарық ауылында шағын азық-түлік дүкені бар. Бизнеске келгелі 10 жылдан асты,  Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ тұрақты кредит алып тұрады, клиенттің кредиттік тарихы 7 жылдан астам уақытты құрайды. Осы жолы дүкені тоңазытқыш қажет болды. Несие сарапшысы Фирузаға жасыл шағын несие ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын алуға кеңес берді,

DETAILS

Азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш

08.06.2021 -

Жазира Сапарова Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ-ның байырғы клиенті. Жазираның Шымкент қаласында шағын азық-түлік дүкені бар. Ол бірнеше жылдан бері «KMF» МҚК -тен кредиттер алып, түрлі акцияларға қатысып жүрмін. ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын туралы өзінің кредиттік менеджерінен естиді. Жасыл Технологиялар Cелекторында ол үлкен энергия үнемдейтін мұздатқышты таңдап, корей өндірушілерінің мұздатқышын сатып алды. Таңдалған модельге

DETAILS

Шымкент қаласындағы асхана үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш

08.06.2021 -

Шымкент қаласында тұратын Дилдора Рустемова өз асханасы үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш сатып алды. Міне, он жылдан астам уақыт бойына ол өз асханасында қаланың орталығында орналасқан автобөлшектер базарына келушілерді тамақтандырып келеді. Ең алғаш рет Дилдора бір жылдай уақыт бұрын Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ -дан азық-түлік сатып алуға  кішігірім микрокредит алған болатын. Ол бірнеше ай бойына

DETAILS

Жаркент қаласындағы жеке үйдегі жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы.

08.06.2021 -

Алматы облысы Жаркент қаласының  тұрғыны Усипжан Ашимов 20 жылдан астам уақыт бойына ауыл арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Көмір мен мал  тасымалдайды. Бірнеше жыл бұрын ол жүк машинасын сатып алуға Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ ұйымынан микрокредит алады. ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын туралы Усипжан өзінің кредиттік сарапшысынан естіп, қызығушылық туындайды. Ол өз үйіне көптен бері газ

DETAILS

Шымкент қаласындағы мини-супермаркет үшін жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш

03.06.2021 -

Шымкент «КМF» МҚК клиенті Дильбар Абдукаримованың мини-супермаркеті, сондай-ақ құрылыс дүкені бар, онда азық-түлік, шаруашылық тауарлар және т.б. сатылады. Дильбар жүйелі түрде КМF жөндеуге және ассортиментті толықтыруға қарыздар алады. КМF кредиттік сарапшысы оған Еуразиялық жаңғырту және даму банкінің GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасын пайдалануды ұсынып, Дильбар  Жасыл Технологиялар Селекторынан жабдық сатып алды КМF . Ол өзінің азық-түлік дүкеніне

DETAILS

Леңгір қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне Қазақстандағы GEFF бағдарламасы бойынша жылыту жүйесін алу

03.02.2021 -

  GEFF бағдарламасы бойынша Қазақстанда кредит алған алғашқы клиенттердің бірі – Түркістан облысы Леңгір қаласындағы кәсіпкер Жанерке Сатарханова. Ол азық-түлік дүкеніне жылыту жүйесін орнату үшін құны 230 мың теңгеге Bosch жылыту қазанын сатып алды. Аталған соманың 10 пайызы Жанеркеге GEFF бағдарламасының шеңберінде өтемақы түрінде кері қайтарылды. Бұрынырақ Жанерке мал шаруашылығымен айналысқан. Қызмет түрін ауыстырғаннан кейін

DETAILS