enrukk

Леңгір қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне Қазақстандағы GEFF бағдарламасы бойынша жылыту жүйесін алу

Леңгір қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне Қазақстандағы GEFF бағдарламасы бойынша жылыту жүйесін алу

 

 

GEFF бағдарламасы бойынша Қазақстанда кредит алған алғашқы клиенттердің бірі – Түркістан облысы Леңгір қаласындағы кәсіпкер Жанерке Сатарханова. Ол азық-түлік дүкеніне жылыту жүйесін орнату үшін құны 230 мың теңгеге Bosch жылыту қазанын сатып алды. Аталған соманың 10 пайызы Жанеркеге GEFF бағдарламасының шеңберінде өтемақы түрінде кері қайтарылды.

Бұрынырақ Жанерке мал шаруашылығымен айналысқан. Қызмет түрін ауыстырғаннан кейін GEFF бағдарламасы бойынша Қазақстандағы ЕҚҚДБ серіктесі  KMF қаржы ұйымымен сәтті ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, сапалы әрі энергияны үнемдеу тұрғысынан тиімді құрал-жабдықты сатып алу мүмкіндігін пайдаланды. «Қазандықтың үлгісін мен аса мұқияттылықпен таңдадым, ол сипаттамасы бойынша менің дүкенімнің аумағына сәйкес келуі тиіс. Сұраныс беруден бастап, қазандықты сатып алу және өтемақыны беруге дейінгі процедураның өзі 3 апта болды»,-дейді кәсіпкер. Енді алдағы уақытта GEFF бағдарламасы бойынша дүкеніне тоңазытқыштар сатып алуды жоспарлауда.

Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін «KMF» ХҚҰ-нан кредитке Жасыл Технологиялар Селекторынан энергиялық тиімді тауарлар сатып алып, тұрғын жайды немесе бизнесті оңтайландырып, қаражаттың мақсатына сәйкес пайдаланылуын тексеруге сұраныс беру қажет.

Жасыл Технологиялар Селекторы – қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін энергияны үнемдеуді оңтайландыруға салынған кредит немесе инвестиция сомасының 10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс мезетінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өткен және растамасын алған барлық сұраныстар бойынша ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға дейін ЕҚҚДБ инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 145-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 4,6 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 190 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 8,6 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Өз қызметі кезеңінде ЕҚҚДБ Қазақстан Республикасында жалпы инвестиция сомасы шамамен 8,6 млрд. еуроны құрайтын 276 жобаны іске асырды.