enrukk

Тараз қаласында шағын ет саудасына арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш лар

Тараз қаласының тұрғыны Роза Сатпанбетова 10 жылдан астам уақыт бойына жалға алынған орын-жайда ет саудасымен айналысады. Оның тұрақты клиенттері – қаланың кафелері мен мейрамханалары. Энергиялық тиімді техниканы алу және тауар құнының 10% мөлшерінде өтемақы алу мүмкіндігі туралы ол өзінің «KMF» МҚК кредиттік сарапшысынан білген. Роза тоңазытқыш құралын жаңарту қажеттігіне байланысты бұл ұсынысқа қызығушылық танытты.

Нәтижесінде Роза  ет сақтауға арналған DAUSCHER (DCF-280Q үлгісі) маркалы энергиялық тиімді мұздатқыш лар сатып алу туралы шешім қабылдайды және өте риза болады. Оның айтуынша, техника үнемді және сенімді, төмен санатты баламаларымен салыстырғанда электр қуатын азырақ жұмсайды, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін зияны да азырақ. «KMF» МҚК кредит алу шарттары ыңғайлы: микрокредиттің қысқа мерзімі, тауар құнының бөлігін өтеу (10% өтемақы). «KMF» МҚК кредиттік сарапшысы қажетті құрылғыны іздеуге, сұранысты дұрыс толтырып, өтемақы алуға тиісті көмек көрсетті.

Қазақстанда GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін келесілер қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.