enrukk

Шымкент қаласында шағын ет саудасына арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш лар

Шымкент қаласының тұрғыны Олимжан Курбаншиков базарда ет сатумен айналысады. Жасыл қаржыландыру бағдарламасы туралы өзінің кредиттік сарапшысынан естіп, қызығушылық туындайды, себебі оған ет сақтау үшін жаңа мұздатқыш керек еді. Нәтижесінде азамат Dauscher маркасының мұздатқыш камерасын сатып алады.

«Мен GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттарына ризамын және құрылғы құнының 10% мөлшерінде өтемақы алдым»,- дейді Олимжан. Оның айтуынша, ол мұздатқыш сатып алуды көп уақыттан бері жоспарлап жүрген, бірақ ыңғайы болмаған.

GEFF-тың Қазақстандағы Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін келесі қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.