enrukk

Шемонаиха қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

ЕҚҚДБ GEFF бағдарламасының қатысушысы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан үйінің терезесін ауыстыруды жоспарлап жүрген екен. Ескі терезе жауын-шашыннан бүлінген, су өтіп, шаң-тозаң кіретін. Сондықтан жазда үйде ыстық, қыста салқын болатын. Көбіне көп терезе суланып кететін.

Үй иесі ескі терезелерді ЕҚҚДБ GEFF бағдарламасы бойынша энергиялық тиімді екі камералы терезелерге ауыстыруды шешеді. Терезені сатып алуға қаражаты жетпейді. Сондықтан ол “KMF” МҚК-ға кредит алу үшін хабарласады. Ондағы сарапшы оған Жасыл Технологиялар Селекторынан энергиялық тиімді терезелерді сатып алу кезінде берілетін 10% өтемақы туралы айтып береді. Бұл мүмкіндік үй иесін қызықтырып, ол бірден бірнеше бөлменің терезелерін ауыстыруды ойлайды. Жеткізу мен орнатуға кететін қосымша шығындарды қосқанда терезелердің ақысы 350 мың теңгені (баламасы 833,55 USD) құрады.

Жаңа энергиялық тиімді терезелер оның үйінде жыл бойына жайлы жағдай тудырып қана қоймай, көшеден естілетін шуды да азайтуға мүмкіндік берді. Терезелердің энергияны үнемдеу технологиясына байланысты салқындатқышты үнемі пайдаланбауға да болады.

Қазақстанда GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін келесілер қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.