enrukk

Қазақстанда Гендерлік Теңдік бойынша Ұлттық семинар өтті

ЕДҚҚБ жүзеге асыратын Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының (GEFF)  шеңберінде Қазақстанда 24 қыркүйекте Гендерлік теңдік бойынша ұлттық семинар өткізілді. Іс-шара онлайн форматта өтті. Оған Қазақстанда жасыл қаржыландырудағы гендерлік аспектілерге ықпал ету әдістерін бірлесе талқылаған нарықтың басты өкілдері қатысты.

Семинарды алғысөзбен ЕДҚҚБ президенті Одиль Рено-Бассо ашты. Ол қатысушыларға гендерлік теңдікті жылжыту жаһанды міндет болып табылатындығын, ал пандемия және одан кейінгі экономикалық дағдарыс қалыптасқан гендерлік теңдіктің жағдайын қиындатқаны туралы айтып өтті. Рено-Бассо ханым климаттың өзгеруі әйел адамдарға айтарлықтай әсер ететініне назар аударып, сондай-ақ жасыл қаржыландыруда гендерлік-сезімтал инвестициялық мәдениеттің атқарар рөлі туралы айтты.

Әйел істері бойынша ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова өз сөзінде қатысушыларға Қазақстандағы гендерлік теңдік туралы айтып, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету механизмдерін одан әрі дамытуды қолдайтындығын білдірді.

Сонымен қатар Семинарда GEFF Бағдарламасы шеңберінде жүргізілген Негізгі Гендерлік Бағалау нәтижелері көрсетіліп, кейбір қызықты фактілер айтылды, соның ішінде:

Семинардың қорытынды бөлігінде «Жасыл қаржыландыру көмегімен климаттың өзгеруі салдарларын азайту: әйелдің рөлін күшейту» тақырыбында пікірталас болды. Оған ЕДҚҚБ, ДАМУ; ФҚММ,  KMF және «Страна Чудес» дамуы бұзылған балаларды түзету және оңалту орталығының өкілдері қатысты. Қатысушылар жасыл қаржыландырудың насихатталуын арттыру және бизнестегі көшбасшы әйелдерге қолдау көрсету шаралары сұрақтарын талқылады.

Іс-шараға 70 адамнан астам қатысушы қатысты, бұл климаттың өзгеруінің бизнеске, жасыл қаражатқа және жасыл технологияларға әсері жағдайындағы әйел рөлінің маңыздылығын көрсетеді.