enrukk

Жаркент қаласындағы жеке үйдегі жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

Алматы облысы Жаркент қаласының  тұрғыны Усипжан Ашимов 20 жылдан астам уақыт бойына ауыл арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Көмір мен мал  тасымалдайды. Бірнеше жыл бұрын ол жүк машинасын сатып алуға KMF микрокредиттік ұйымынан микрокредит алады. «Жасыл» қаржыландыру бағдарламасы туралы Усипжан өзінің кредиттік сарапшысынан естіп, қызығушылық туындайды. Ол өз үйіне көптен бері газ қазандығын алуды ойлап жүрген. Өзінің айтуынша, бұл бағдарлама оған дер кезінде кездесті.

«KMF МҚК-ның қызметкерлері осы бағдарламадағы кредиттеу шарттары бойынша кеңес берді, энергиялық тиімді қазандықты таңдауға көмек берді және тез қызмет көрсетті. «Сонымен қатар мен оның құнының 10% мөлшерінде энергиялық тиімді қазандықты сатып алғаным үшін өтемақы аламын»,-дейді Усипжан Ашимов.

Жуық арада GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша энергиялық тиімді пластик терезелерін сатып алуды жоспарлап жүргенімен бөлісті.

GEFF-тың Қазақстандағы Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін келесі қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.