enrukk

Азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш

Жазира Сапарова KMF МҚК-ның байырғы клиенті. Жазираның Шымкент қаласында шағын азық-түлік дүкені бар. GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы туралы өзінің кредиттік менеджерінен естиді. «Дүкеніме жаңа мұздатқыш керек болған, сондықтан энергиялық тиімді құрал-жабдықтың артықшылықтары туралы және құрал-жабдық құнының 10% қайтарылатындығы туралы естіген кезде бірден келістім. Тоңазытқыш алған кезде қиындық болмады, қолма қол ақшаға сатып алдым. Сатып алынған мұздатқышқа ризамын, үлкен энергиялық тиімді мұздатқыш. Бір айдан кейін 10% өтемақысын алдым, мұндай кэшбектер беруі тіпті керемет. Қайтарып алынған ақшаны айналымға салдым. Мен бірнеше жылдан бері МҚК KMF-тен кредиттер алып, түрлі акцияларға қатысып жүрмін. Болашақта жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша микрокредиттер алуды жоспарлап жүрмін»,- деп әңгімелейді Жазира.

GEFF Жасыл экономикаға көшу концепциясы (ЖЭК) шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жақында жариялаған көлемді жоспарлардың бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге айырықша назар аудара отырып, 2025 жылға дейін климаттық қаржыландырудың ЕҚҚДБ инвестицияларының жылдық көлеміндегі үлесін 50% жеткізу мақсаты қойылған.

 GEFF бағдарламасы ЕҚҚБД 27 операция жасалатын елдеріндегі 155 қаржы ұйымдарынан құралған желі арқылы әрекет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға жетті, оны 202 мың клиент алған. Жүзеге асырылған жобалар жыл сайын 9 млн. тоннаға СО2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берді. Өз қызметі кезінде ЕҚҚДБ Қазақстан Республикасының экономикасында инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 8,6 млрд. еуроны құрайтын 276 жобаны іске асырған.