enrukk

Чунджа ауылындағы жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

2020 жылғы қараша айында  «КМF» Микроқаржылық компаниясына Чунджа ауылында тұратын зейнеткер Насиров Марат Тұрсынұлы барды. Ол ескі пешті ауыстыру үшін өз үйіне жаңа газ қазандығын сатып алуға микрокредит алғысы келеді. «KMF» МҚК қызметкері Марат Тұрсынұлына қазандық құнының 10% мөлшерінде өтемақы алуға болатын GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасын ұсынды. «Есептеп көргеннен кейін мен үшін мұның пайдалы екенін түсіндім,- дейді Марат Тұрсынұлы – сондықтан «KMF» МҚК-ның микрокредитінің көмегімен GEFF бағдарламасы бойынша Navien газ қазандығын сатып алдым». Сатып алынған соманың 10% маған қайтарылды, бұл өте жағымды жаңалық болды. Сондықтан барлық таныстарыма «KMF» МҚК және GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасын ұсынатын боламын!».

Клиент энергиялық тиімді құрал-жабдықтар мен технологиялардың онлайн базасы – Жасыл Технологиялар Селекторынан таңдап алып пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) 90,50% құрайтын Navien Ace Coaxial 24KN үлгілі газ қазандығын сатып алды. Қазандықты өз үйіне орнатқаннан кейін зейнеткер кредиттің мақсатты пайдаланылуын тексерістен өткізуге құжаттарды ұсынды – «KMF» МҚК-дан кредитке алынған газ қазандығы мен қосалқы бөлшектерінің жалпы құнының 10% мөлшерінде өтемақы алды.

Бүгінде әрбір қазақстандықтың ЕҚҚДБ GEFF бағдарламасына қатысып, «KMF» МҚК-ның микрокредитінің  көмегімен энергиялық тиімді құрал-жабдықты сатып алуды қаржыландыру, сонымен қатар дейінгі сомаға сатып алынған энергиялық тиімді тауарлардың жалпы сомасының 10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алу мүмкіндігі бар. «KMF» МҚК ЕҚҚДБ-ның GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша әзірге бірінші және жалғыз серіктесі болып табылады.

GEFF-тың Қазақстандағы Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін келесі қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

 

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

«KMF» МҚК-ның GEFF бағдарламасы шеңберіндегі қаржыландыру шарттары туралы толығырақ «KMF» МҚК -ның 7474 телефон нөмірі бойынша Сall Center-ге қоңырау шалу арқылы немесе www.kmf.kz сайтынан білуге болады.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.