enrukk

Шымкент қаласындағы асхана үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш

Шымкент қаласының тұрғыны  Дилдора Рустемова өз асханасы үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш сатып алды. Міне, он жылдан астам уақыт бойына ол өз асханасында қаланың орталығында орналасқан автобөлшектер базарына келушілерді тамақтандырып келеді. Ең алғаш рет Дилдора бір жылдай уақыт бұрын «KMF» МҚҰ-дан азық-түлік сатып алуға  кішігірім микрокредит алған болатын. Ол бірнеше ай бойына тоңазытқышын ауыстыруды жоспарлап, оны жүзеге асыру жолдарын іздестірді, өйткені, оның қолындағы қаржысы аз болатын.  «KMF» МҚҰ кредиттік сарапшысынан энергия жағынан тиімді жабдықты сатып алу кезінде GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша 10% өтемақы – кэшбек алуға болатындығын естіп, Дилдора ондай мүмкіндікті қуана-қуана пайдаланды, «KMF» МҚҰ-нан кредитке құны 220 мың теңге тұратын Dauscher маркалы тоңазытқышын сатып алды.

Аталған тоңазытқыштың энергия жағынан тиімділігі барынша жоғары, А+++. Энергия жағынан тиімді жабдықты сатып алудың пайдасы – оны пайдалану барысында, әдеттегі энергия жағынан тиімді емес жабдықпен салыстырғанда 20% электр энергиясының үнемделетіндігі, сонымен қатар, электр энергиясына кететін шығындардың да үнемделуі.

Бағдарламаның талаптары бойынша Дилдора тоңазытқыштың құнының 10% мөлшерінде кэшбек алды. «Менің «KMF» МҚҰ-на асханамдағы тоңазытқышты заманауи, электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, ыңғайлы да эргономикалық тоңазытқышқа жаңарту мүмкіндігін бергені үшін алғысым шексіз».

GEFF-тың Қазақстандағы Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін келесі қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.