enrukk

Талдықорған қаласындағы “Tim&Ko” кафесіне жаңа энергия үнемдеуіш тоңазытқыш.

GEFF жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша кредит алған алғашқы клиенттердің бірі Талдықорған қаласының кәсіпкері Светлана Шин болды.

Светлана қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқарады, ” Tim&Ko ” кафелер желісінің иесі. Оның кафесі нарықта бес жылдан артық жұмыс істеп келеді және қала тұрғындары арасында белгілі. Светлана үшін  микроқаржылық ұйым МҚК “KMF“-пен әріптестік кредиттеу саласындағы алғашқы тәжірибе болды.

Кафелердің бірінде тоңазытқыш бұзылып қалды, жөндеуге келмейді. Светлана достарынан МҚК “KMF”-тан тұрмыстық техниканы кредитке алып, сол үшін сатып алу құнының 10% мөлшерінде өтемақы алуға болатындығы туралы естиді. Светлананы кафедегі құралдарды жаңартудың мұндай мүмкіндігі қызықтырып, ол МҚК “KMF” қалалық бөлімшесіне жолығады. Дүкендегі МҚК “KMF”кредиттік маманы энергияны үнемдеу бойынша жасыл қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін және клиенттің талаптарын қанағаттандыратын тоңазытқышты таңдауға көмектесті. Тоңазытқыштың құны – 240 490  теңге.

Осыдан кейін 2020 жылдың қараша айында Светлана Эдуардовна МҚК “KMF”-те кредит рәсімдеді. Кредит қаражатына ол Жасыл Технологиялар Селекторнан  LG/GA-B459SEQZ маркалы тоңазытқыш сатып алып, өз кафесіне орнатты. Осыдан кейін верификация үшін сәйкес құжаттарды ұсынып, үш аптадан кейін тоңазытқыштың құнының 10% мөлшерінде GEFF бағдарламасы бойынша өтемақы алды.

 Клиент МҚК “KMF”-пен серіктестікке өте риза болды. «Барлығы тез, жеңіл, ешқандай қиындықсыз өтті,- дейді Светлана Эдуардовна – оған қоса GEFF-тен өтемақы алды”. Өтемақы бағдарламасының доноры – Жаһандық экологиялық қор.  Светлана болашақта МҚК “KMF”-пен өз бизнесін дамытуды жоспарлайды. GEFF бағдарламасы бойынша өтемақыны кредитті өтегенге дейін толық көлемінде алып, кез келген мақсатқа жұмсауға болады.

Қазақстанда  GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы  бойынша өтемақы алу үшін келесілер қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін энергияны үнемдеуді оңтайландыруға салынған кредит немесе инвестиция сомасының 10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс мезетінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өткен және растамасын алған барлық сұраныстар бойынша ай сайын төленеді.

GEFF/KMF бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру шарттары туралы толығырақ 7474 нөмірі бойынша МҚК “KMF” Call Center немесе www.kmf.kz сайтынан біле аласыз.