enrukk

Ресурсты үнемдеуші және энергиялық тиімді цифрлық LED экрандар Алматы және Астана қалаларында баспа билбордтарын ауыстырды

Investor
«РТС Деко» АҚ
Location
Алматы және Астана, Қазақстан
Investment
Жаңа энергияны үнемдейтін LED экрандар
Energy savings
Жылына 121 МВт
CO2 savings
Жылына 576 тонна
Impact
энергияны тұтынуды азайту және СО2 шығарындыларын азайту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Қағаз билбордтарды энергияны үнемдейтін LED экрандармен ауыстыру энергияны тұтынуды айтарлықтай азайтады

«РТС Деко» АҚ компаниясы – JCDecaux халықаралық компаниясы ұйымдастырған біріккен кәсіпорын. Компанияның негізгі қызмет түрі Компанияға тиесілі жарнамалық құрылымдарда, билбордтарда  сыртқы жарнаманы орналастыру қызметтерін көрсету болып табылады. Компания Қазақстан нарығында  2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Компания ЕДҚҚБ-ның  GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы  «Шинхан Банк» АҚ бөлімшесінде біледі. Жеке менеджерлері Компания өкіліне бағдарламаның шарттары бойынша кредиттік қаражат есебінен энергиялық тиімді, сонымен қатар ресурс үнемдеуші техника мен технологияны алу мүмкіндігі туралы айтып береді. Компания сол уақытта басып шығарылған жарнамалық плакаттарды қолданатын билбордтардан пайдаланылуы энергия тұтынуды 76%ға азайтуға мүмкіндік беретін экологиялық цифрлық LED экрандарға көшу бойынша жобаны қарастыруда еді. Бұрынғы билбордтар оларды жарықтандыру және жылдың суық мезгілінде электр қозғалтқыштарды жылыту үшін электр қуатын көп пайдаланатын. Жаңа энергиялық тиімді цифрлық LED экрандар электр қуатын үнемдеу үшін күннің жарығына қарай жарықтықты автореттегішпен жабдықталған. Цифрлық LED экрандарды пайдалану сонымен қатар жарнамалық плакаттарды басып шығаруды тоқтатуға мүмкіндік береді, бұл қалдықтар мен көміртек іздерін айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар қашықтан басқару жүйесі техникалық мамандардың баруын талап етпейді, бұл компанияға қауіпті СО2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

«Энергияны үнемдеуші цифрлық LED экрандар біздің компания үшін жарнамалық өнімнің сапасын жақсарту бойынша керемет шешім болды. Біздің клиенттерге инновация өте ұнады және тапсырыстарымыз да көбейді. Сонымен қатар қағаз қалдықтарының болмауы да туған қаламыздың экологиясын сақтауға қосқан бір үлесіміз іспеттес. Бағдарлама өте жақсы, мұндай мүмкіндік үшін үлкен рахмет! — деп бөлісті «РТС Деко» АҚ директоры Михаил Копылов.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.