enrukk

Леңгір қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне Қазақстандағы GEFF бағдарламасы бойынша жылыту жүйесін алу

 

GEFF бағдарламасы бойынша Қазақстанда кредит алған алғашқы клиенттердің бірі – Түркістан облысы Леңгір қаласындағы кәсіпкер Жанерке Сатарханова. Ол азық-түлік дүкеніне жылыту жүйесін орнату үшін құны 230 мың теңгеге Bosch жылыту қазанын сатып алды. Аталған соманың 10 пайызы Жанеркеге GEFF бағдарламасының шеңберінде өтемақы түрінде кері қайтарылды.

Бұрынырақ Жанерке мал шаруашылығымен айналысқан. Қызмет түрін ауыстырғаннан кейін GEFF бағдарламасы бойынша Қазақстандағы ЕҚҚДБ серіктесі  KMF қаржы ұйымымен сәтті ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, сапалы әрі энергияны үнемдеу тұрғысынан тиімді құрал-жабдықты сатып алу мүмкіндігін пайдаланды. «Қазандықтың үлгісін мен аса мұқияттылықпен таңдадым, ол сипаттамасы бойынша менің дүкенімнің аумағына сәйкес келуі тиіс. Сұраныс беруден бастап, қазандықты сатып алу және өтемақыны беруге дейінгі процедураның өзі 3 апта болды»,-дейді кәсіпкер. Енді алдағы уақытта GEFF бағдарламасы бойынша дүкеніне тоңазытқыштар сатып алуды жоспарлауда.

Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы алу үшін «KMF» ХҚҰ-нан кредитке Жасыл Технологиялар Селекторынан энергиялық тиімді тауарлар сатып алып, тұрғын жайды немесе бизнесті оңтайландырып, қаражаттың мақсатына сәйкес пайдаланылуын тексеруге сұраныс беру қажет.

Өтемақыға қаражатты GEFF бағдарламасының шеңберінде Жаһанды Экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералдық қаржы министрлігі GEFF желісімен Жасыл Технологиялар Селекторына техникалық көмек және қолдау көрсетуді қаржыландырады.

Қазақстанда GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген дүкеннен «KMF» МҚК немесе «ЦентрКредит» Банкінің кредиттік қаражатын пайдалана отырып ЕДҚҚБ GEFF бағдарламасын іске асырудың минимальді талаптарына сәйкес келетін энергиялық тиімді тауарларды сатып алу қажет. Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында көрсетілген барлық тауарлар  GEFF бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.
  • Жоба аяқталғаннан кейін қаражатты мақсатына сай пайдалануды (яғни құрал жабдықтың орнатылуын) растауға сұраныс жолдау қажет. Тексеру мезетіне кредит өтелмеуі тиіс. Сұраныс «KMF» МҚК немесе «ЦентрКредит» Банкінің кредиттік сарапшысы арқылы ұсынылады.

Жасыл Технологиялар Селекторы – қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен сәтті өткеннен кейін өтемақы сомасы энергиялық тиімді оңтайландыруға салынатын кредит немесе инвестиция сомасының 10% немесе 15% құрайды. Өтемақы сомалардың азынан есептеледі. Тексерістен өткен және алдыңғы айда төлемінің растауы алынған сұраныстар бойынша өтемақыны төлеу ағымдағы айдың соңына дейін жүзеге асырылады.

GEFF бағдарламасының шеңберінде қаржыландыру шарттары туралы толығырақ «KMF» МҚК байланыс орталығына 7474 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) арқылы немесе  www.kmf.kz сайтынан, сондай-ақ  «ЦентрКредит» Банкінің +7(727) 244-77-77, 505 телефондары (ұялы телефоннан тегін) арқылы немесе www.bcc.kz сайтынан білуге болады.

 

GEFF бағдарламасы Жасыл Экономикаға көшу концепциясы (ЖЭК) шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды арттыру бойынша ЕДҚҚБ жақында мәлімдеген көлемді жоспарлардың бөлігі болып табылады. 2025 жылға дейін гендерлік аспектілерге аса үлкен назар аудара отырып ЕДҚҚБ инвестицияларының жылдың көлеміндегі климаттық қаржыландыру үлесін 50% жеткізу мақсаты қойылды. Бағдарлама ЕДҚҚБ жұмыс істейтін 27 елдегі 155 қаржылық ұйымнан тұратын желі арқылы әрекет етеді. Бүгінгі таңда Бағдарлама бойынша ЕДҚҚБ инвестицияларының жалпы көлемі 5 млрд. еуроға жетті, оның алушылар 202 мың клиентті құрайды. Жүзеге асырылған жобалар жыл сайын 9 млн. тоннаға дейін СО2 бөліністерін азайтуға мүмкіндік берді. ЕДҚҚБ өз қызметі кезеңінде Қазақстан Республикасының экономикасына жалпы сомасы шамамен 8.6 млрд. еуро көлемінде болатын 276 жобаны іске асырды.