enrukk

Алматы қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Алматы, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді терезелер
Energy savings
жылына 0.717 МВт
CO2 savings
0,131 жылына тонна
Impact
Күн сәулесінен қорғайды, үй-жай ішінде қолайлы жағдайлар жасайды және экологияның жақсаруына оң әсер етеді
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Үйдегі жаңа энергиялықтиімді терезелер — бұл тек қолайлы жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар экологияны қорғау

Алматы қаласындағы қазақстандық кәсіпкердің асүй техникасын сату бойынша шағын компаниясы бар. 2019 жылы ол өз отбасына арналған үйдің құрылысын бастады. Жұмыс басталғаннан-ақ кәсіпкер тек энергияны үнемдейтін терезелерді қоюды жоспарлайды. Оған мұндай терезелерді әзірлеп беретін компанияны табу керек.

Ол Алматы қаласындағы ірі энергиялық тиімді терезе жасаушыға жолығады. Онда  оған ЕДҚҚБ GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының серіктесі болып табылатындығын айтып берді. Бұл бағдарламаның шеңберінде жеке пайдалану үшін және қаржылық серіктестің кредиттік қаражаты есебінен терезе сатып алатын кез келген сатып алушы терезелерді әзірлеуге және орнатуға 10% өтемақы ала алады. Кәсіпкер бұл ұсынысқа қызығушылық танытып, бағдарламаға қатысуды ұйғарады. Ол Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан бағдарлама бойынша сәйкес келетін терезелерді таңдап, сатып алуға кредит алу үшін  «KMF» Микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жолықты. Терезелерді әзірлеу бірер аптада аяқталды. Орнатқаннан кейін ер адам тексеріске құжаттарды тапсырды. Үш аптадан кейін оған кредиттік маман қоңырау шалып, терезелердің жалпы құнының және жеткізу мен орнату құнының 10% мөлшеріндегі өтемақы оның есептік шотына аударылғандығын хабарлады.

«Мен GEFF Бағдарламасына үйіме арналған пайдалы затты сатып алуға, онымен қатар терезелер бойынша барлық шығындардың 10% өтемақысын алуға берілген керемет мүмкіндік үшін ризамын. Менің үйімдегі жаңа энергиялықтиімді терезелер — бұл тек қолайлы жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар экологияны қорғау. Өзімнің барлық таныстарыма GEFF бағдарламасын пайдалануға кеңес беретін боламын».

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және  Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен іске асырылды.