enrukk

Ақтөбе қаласының кәсіпкері энерготиімді балқыту пештерін орнатты

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Ақтөбе, Қазақстан
Investment
Жаңа балқыту пеші
Investment size
US$ 69,387
Energy savings
Жылына 88,89 МВт 8
CO2 savings
Жылына 23,5 тонна
Impact
Электр энергиясына жұмсалатын шығындарды қысқарту, өнім сапасын арттыру
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа балқыту пеші кәсіпкерге жұмысты жеделдетуге және өнім сапасын жақсартуға көмектеседі

Алина Есенгелдинова – Ақтөбе қаласының кәсіпкері. Оның кәсіпорны сынықтар мен түсті металдарды қайта балқытумен айналысады. Кәсіпорында токарлық және фрезерлік жұмыстарды жеке тапсырыс бойынша жүзеге асырады. Өнім сапасын жақсарту және электр тұтынуды төмендету үшін Алина Есенгелдинова жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға шешім қабылдады. Өз қаражаты жетіспегендіктен, Алина қаржыландыру үшін «КМФ» микроқаржылық ұйымына жүгінді. Кәсіпкер балқыту пештерін  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында сатып алуға болатындығына қуанды. Бағдарламаның шарттары бойынша Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келген жағдайда сатып алудың жалпы құнының немесе кредит сомасының 10% -ы мөлшерінде өтемақы алуға болады. Алина қолайлы жабдықты таңдады және техникалық сипаттамаларды тексеру және жабдықтың қолайлылығын растау үшін Бағдарлама мамандарына қажетті құжаттарды ұсынды.

“Біз балқыту пештерін сатып алып, орнатқаннан кейін электр энергиясының шығындарын едәуір төмендеттік. Жабдық қазіргі заманғы, энергия тиімді және қоршаған орта үшін қауіпсіз. Өнім сапасы жақсарды, балқыту уақыты қысқарды “, – дейді Алина Есенгелдинова.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.