enrukk

Нұр-Сұлтан қаласындағы компания жаңа жоғарыөнімді экскаватор сатып алды

Investor
«Центр Блок KZ» ЖШС
Location
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді экскаватор
Investment size
US$ 164,000
Energy savings
Жылына 1500,8 МВт
CO2 savings
жылына 106 тонна
Impact
Энергия тұтыну мен шығындарды төмендету
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Операциялық лизинг бойынша қызмет көрсететін компания GEFF есебінен өз меншігіне арнайы техника сатып алады

«Центр Блок KZ» ЖШС –  Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орта көлемді компания. Кәсіпорын нарықта 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді және арнайы техниканы операциялық лизингке беру бойынша қызметтер ұсынумен айналысады. Оның негізгі клиенттері – «Астана-Авто-Строй» ЖШС, «Энерго-РЭМ» ЖШС, «Build Stroy Object» ЖШС,және т.б.

Қазіргі таңда «Центр Блок KZ» ЖШС бірнеше арнайы техниканы жалға береді, алайда техника негізінен ескірген. Компания көп уақыттан бері жаңа экскаватор алып, осы арқылы жалға беру шығындарын төмендетіп, ескі арнайы техниканы пайдалануға байланысты кететін шығындарды азайтуды жоспарлап жүр еді. Компанияның меншік иесі «KMF» микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жолығып, кредиттік сарапшыдан ЕҚҚДБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын пайдалану және 10% мөлшерінде өтемақы алу мүмкіндігі туралы кеңес алды. Компания белгілі әлемдік брендтің жаңа экскаваторын алуды шешіп, Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан өзіне қолайлы нұсқасын тапты. Экскаваторды сатып алуға кеткен инвестициялық шығындар 164 000 АҚШ долларын құрады.

Жаңа экскаватор жоғары өнімді болып табылады, сәйкесінше отынды азырақ жағады және СО2 бөліністері де азырақ болады. Сонымен қатар мұндай техника сенімді болып келеді, бұзылулары аз болады және жөндеуге, қосалқы бөлшектер алуға көп шығын кетпейді. Компания бұл жаңа экскаватор ескі әрі өнімділігі төмен арнайы техникамен салыстырғанда клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие болады деп сенеді. Компанияның 164,000 АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестициялары электр энергиясының шығынын жылына 1500.8 МВт/сағ азайтуға, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын жылына 106 тоннаға азайтуға әкеледі.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.