enrukk

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруа қожалығы үшін тамшылатып суару жүйесі

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Оңтүстік Қазақстан облысының, Қазақстан
Investment
Жаңа тамшылатып суару жүйесі
Energy savings
Жылына 11,48 МВт
CO2 savings
Жылына 3,036 тонна
Impact
Суды тұтынуды үнемдеу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi

Жаңа тамшылатып суару жүйесі су тұтыну көлемін азайтып, өнім көлемін арттыруға көмектеседі

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері бірнеше жылдан бері қызанақ өсірумен айналысады. Өткен жылы аймақта жаз өте құрғақ болып жауын-шашын аз жауған. Өнім жоспарлағаннан төмен болды. Кәсіпкер ұзақ мерзімді инвестиция ретінде сапалы жабдықты пайдалана отырып суғармалау жүйесін жаңарту қажеттілігін жете түсінді. Кәсіпкер ЕҚҚДБ-ның энергия тиімділігі мен ресурстарды үнемдейтін технологиялардың көмегімен бизнесті жаңғыртуға бағытталған GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы  бұрыннан хабардар болған.   Кәсіпкер Бағдарламаның кеңесшісіне жүгінеді, ол тамшылатып суғармалаудың жаңа жүйесін сатып алу үшін қаржылық шешім ұсынды. Тиісті тамшылатып суғармалау жүйесі Жасыл Технологиялар Селекторынан сайтында таңдап алынды.

“Мен Қазақстанның құрғақ өңірінде егіншілікпен айналысамын, онда су тапшылығы өзекті мәселе болып тұр. Жаңа суғармалау жүйесі булану нәтижесінде ылғалдың жоғалуын жоя отырып су мен тыңайтқышты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.   Сонымен қатар, енді суғармалау қарқындылығын реттеу мүмкіндігі болады, бұл әсіресе топырақтың ылғалдылығына сезімтал қызанақтарды өсіру кезінде өте маңызды.     Бағдарламаның қолдауымен мен суғармалау мәселесін шеше алдым және су төлемдерін айтарлықтай үнемдедім. Мен биыл мол өнім аламын деп үміттенемін”, – деді кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.