enrukk

Төрткөл ауылындағы азық түлік дүкеніне арналған энергиялық тиімді тоңазытқыш камера

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Төрткөл, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді мұздатқыш ларь
Energy savings
Жылына 1,2 МВт
CO2 savings
Жылына 0,12 тонна
Impact
Тамақ өнімдерін сақтау жағдайларын жақсарту есебінен бизнесті дамыту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергиялық тиімді тоғазытқыш камера кәсіпкерге бизнесті дамытып, электр қуатын тұтынуды қысқартуға көмектеседі.

Түркістан облысы Төрткөл ауылының тұрғыны жуырда шағын азық-түлік дүкенін сатып алды. Бұрынғы иесінен дүкенде ескі тоңазытқыш камера қалған. Ол дұрыс жұмыс істемеді және кейде өшіп қалатын, нәтижесінде азық-түлік бүлініп кететін. Дүкен иесі жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш камера сатып алуды шешеді. Қаражаттың барлығы бизнеске салынғандықтан, қажетті құралды сатып алуға қаражат жетіспеді. Кәсіпкер сапалы құралды сатып алу көптеген жылдарға салынатын инвестиция екенін түсінді. Дүкеннің бюджетіне салмақ салмас үшін ол  «КМФ» Микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) кредит алуға жүгінді. Кредиттік сарапшы энергиялық тиімді тоғазытқыш камераны сатып алу үшін ЕДҚҚБ-ның GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын пайдалануды ұсынды. Бұл Бағдарламаның шарттары бойынша қолайлы құралды Жасыл Технологиялар Селекторынан  таңдап, оны кез келген жеткізушіден кредиттік қаражатқа сатып алу қажет. «КМФ» МҚҰ кредиттік менеджері белгілі түрік өндірушісінің ыңғайлы үлгісін таңдауға көмектесті.

«Мен үшін сапалы әрі энергиялық тиімді құралды сатып алу өте маңызды болды, сондықтан «KMF» МҚҰ-дан алынған кредит өте уақытылы болды. Мен кредиттік қаражаттың көмегімен сенімді техника ала алғаныма өте қуаныштымын. Енді азық-түлік жақсы сақталады және мен жеткізу көлемін кеңейтіп, өз бизнесімді дамыта аламын. Таңдалған үлгінің шусыз жұмыс істейтіндігі және электр қуатын азырақ жұмсайтыны айырықша маңызды», – деп әңгімелейді кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.