enrukk

Алматы облысында энергия тиімді техника табысты жұмыс істеуде

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Алматы облысының, Қазақстан
Investment
Энергия тиімді тиегіш
Investment size
US$ 83,613
Energy savings
Жылына 421,75 МВт
CO2 savings
101,26
Impact
Отынға арналған шығыстарды төмендету және қоршаған ортаға қамқорлық жасау
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді тиегіш кәсіпкерге отын шығындарын қысқартуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі

Алматы облысының кәсіпкері Әділет Игісінов бірнеше жылдан бері жер жұмыстарымен айналысып келеді. Жыл сайын оның клиенттері көбейіп келеді, сондықтан мамандандырылған техниканы сатып алу қажеттілігі туындады, оның көмегімен жұмыс өнімділігі мен жылдамдығын айтарлықтай арттыруға болады. Жақында Әділет жаңа техниканы сатып алуға шешім қабылдады, бірақ сатып алуды қаржыландыруға өз қаражаты жетпеді. Кәсіпкер «КМФ» микроқаржылық ұйымынан қаражат сұрады. Кредиттік сарапшы  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы аржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді. Осы Бағдарламаның қолдауымен кредит қаражаты есебінен техника сатып алуды қаржыландыруға, кредит берудің қолайлы мерзімін және ай сайынғы төлемді таңдауға, сондай-ақ сатып алудың жалпы құнының немесе кредит сомасының 10% -ы мөлшерінде өтемақы алуға болады. Әділет Игісінов бұл ұсынысқа қызығушылық танытып, қысқа мерзімде белгілі қытайлық өндірушінің тиегішін «КМФ» МҚҰ-дан несие қаражатына сатып алды. Кәсіпкер Жасыл Технологиялар Селекторынан сайтынан техниканы таңдады – GEFF бағдарламасы бойынша қолайлы тауарлардың онлайн дерекқоры.

“Жаңа техниканың көмегімен жұмыс істеу өте ыңғайлы. Техника басқару мен қызмет көрсетуде қарапайым. Отынға жұмсалатын шығындар тиегіштің энергия үнемдеуінің жоғары класы есебінен төмендеді. Экологияға деген қамқорлығыма өзімнің үлесімді қоса алатыным да қуантады, себебі жүк тиеуші қоршаған ортаға аз шығарады “, – дейді Әділет Игісінов.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.