enrukk

Шахтинск қаласындағы кондитерлік дүкенге арналған энергиялық тиімді күр жуғыш машина

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Шахтинск, Қазақстан
Investment
Жаңа кір жуу машинасы
Energy savings
Жылына 0,3 МВт
CO2 savings
Жылына 0,110 тонна
Impact
Электр энергиясына жұмсалатын шығындарды қысқарту, қолайлы пайдалану
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергиялық тиімді кір жуғыш машина кәсіпкерге жұмысқа қолайлы жағдайлар жасауға және электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

Айгуль Жамкееваның Шахтинск қаласында шағын наубайханасы бар. Ол кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады. Айгуль жұмыс орнын таза ұстау маңызды болғандықтан, жаңа кір жуғыш машина сатып алуды ойлады. Қолайлы үлгісін таңдауға ол үлкен мән берді. Бұл кезде кір жуғыш машинаның қуаттылығы, оның энергиялық тиімділігі және су шығыны сияқты техникалық сипаттамалары ескерілді.

Айгуль «КМФ» микроқаржылық ұйымына микроқаржылық ұйымының  бөлімшесінде ЕДҚҚБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының жарнамасын көреді. Ол өзінің жеке менеджеріне хабарласып, Бағдарламаның шарттары туралы ақпарат алады. Бағдарламаның қолдауымен кредиттеудің ыңғайлы мерзімін және ай сайынғы төлемнің сомасын таңдап, кредиттік қаражат есебінен техниканы сатып алып, сондай-ақ сатып алудың немесе кредиттің жалпы сомасының 10% мөлшерінде өтемақы алуға мүмкіндік бар. Бұл ұсыныс кәсіпкерді қызықтырды. Айгуль дербес сарапшының көмегімен Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан кір жуғыш машинаның қолайлы үлгісін таңдап алды.

«Кір жуғыш машинаның таңдалған үлгісі менің барлық талаптарыма және GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының шарттарына сәйкес келетіндігіне өте қуаныштымын. Енді кір жуғыш машина шусыз жұмыс істейді, ал электр қуаты үшін келетін есеп-шоттар айтарлықтай азайды. 10% мөлшеріндегі өтемақы мен үшін қуанышты бонус болды»,-деп әңгімелейді кәсіпкер.