enrukk

Чунджа ауылында жеке үйді газдандыру. Көпбалалы жанұяға арналған GEFF бағдарламасы бойынша жаңа жылыту жүйесі

Location
Чунджа, Қазақстан
Investment
Жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы
Investment size
US$ 2,248
Energy savings
Жылына 6,032 МВт
CO2 savings
1,133 жылына тонна
Impact
Ескі жылыту жүйесін жаңасына ауыстыру. Жайлылықты ұлғайту және шығарындыларды азайту СO2
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді жылыту жүйесі көп балалы отбасына жылу мен ыстық су шығындарын азайтуға мүмкіндік берді

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылының тұрғыны – үлкен жанұяның анасы. Оның отбасы балаларға жылы болуы үшін арнайы жылытуды қажет ететін жеке үйде тұрады. Бұрын үйді көмірмен жылытатын, бұл өте ыңғайсыз. Үйдегі ауа құрғақ болып кетеді, ал қабырғалар үнемі көмір шаңынан ластанып тұратын. Осылайша отанасы үйге газбен жылыту жүйесін өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол газ қазандығын алуды қаржыландыру үшін «KMF» Микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жүгінеді. Кредиттік сарапшы оған ЕҚҚДБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтты. Осы бағдарламаның көмегімен ол тек газ құрылғысына ғана емес, сонымен қатар газдандыру сияқты ілеспе шығындарға өтемақы (кешбэк) алады.

Кредиттік сарапшы Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан белгілі корей өндірушісінің энергиялық тиімді газ қазандығының ыңғайлы үлгісін таңдауға көмектесті. Үйіне газ өткізу үшін ол газ компаниясының қызметтерін пайдаланды. Газдандыру және газ қазандығын орнату бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін  «KMF» МҚҰ кредиттік сарапшысы арқылы GEFF бағдарламасына тексерістен өтуге қажетті құжаттар жолданды. Бірнеше аптадан кейін әйел адам  «KMF» МҚҰ  кредиттік қаражаты есебінен жүзеге асырылған құрал жабдық пен газдандыру жұмыстарының барлық шығындарының 10% мөлшерінде өтемақы алды. Енді үйде газбен жылыту жүйесі және ыстық су бар, ал отбасының жылытуға кететін шығындары азайды. Сонымен қатар заманауи газ қазандығы СО2 бөліністерін жылына 1.133 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. «Осындай GEFF сияқты сапалы энергиялық тиімді құрал-жабдықты таңдауға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарламалардың болғаны өте жақсы.  «KMF» МҚҰ кредитінің көмегімен сатып алу құнын төлеуді 3 айдан 84 айға дейін бөліп, отбасылық бюджетке күш түсірмеуге болады. 10% мөлшеріндегі өтемақы да қуантатын жағдай».

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.