enrukk

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізіндегі ірі ауқымды жел электр станциясы

Investor
"Жерұйық Энерго" ЖШС
Location
Алматы облысы, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді жел турбиналары
Energy savings
Жылына 432 744 МВт
CO2 savings
Жылына 143138 тонна
Impact
Қоршаған ортаға құрметпен жел электр станциясын салу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жел электр станциясының құрылысы СО2 шығарындыларын жылына 143 138 тоннаға қысқартуға мүмкіндік берді

“Жерұйық Энерго” ЖШС 2016 жылы жалпы қуаты 48,5 мегаватт жел электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылды. Жел паркі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек кентінен 1 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Электр станциясы 25 жел турбинасын басқарады. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 26,2 млн АҚШ долларын құрады, оның 5,4 млн АҚШ долларын “Банк ЦентрКредит” АҚ қаржыландырды.

“Жерұйық Энерго” ЖШС компаниясының басшылығы “Банк ЦентрКредит”АҚ кредиттік менеджерінен ЕҚДБ-дан GEFF жасыл экономикасын қаржыландыру бағдарламасы туралы білді. Несие менеджері компанияны бағдарламаның артықшылықтарын пайдалануға сендірді. Жобаны іске асыру нәтижесінде атмосфераға СО2 шығарындылары жылына 143 138 тоннаға азаяды.

“Бізге “Банк ЦентрКредит” АҚ ЕҚДБ-дан GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша берген қаржыландырудың арқасында біз электр станциясының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға бере алдық”, – деп түсіндірді “Жерұйық Энерго” ЖШС директоры, Шелков Е.К.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.