enrukk

Ақмола облысының тұрғыны үшін заманауи жылыжай

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Ақмола облысы, Қазақстан
Investment
Қазіргі заманғы ресурстық-тиімді жылыжай
Impact
Жылыжайды жаңғырту есебінен сапалы өнім алу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi

Жылыжайды жаңғырту дұрыс микроклиматты қолдауға және жоғары өнім алуға көмектеседі

Ақмола облысындағы шағын ауыл тұрғыны өз учаскесіндегі жылыжайда түрлі көкөніс дақылдарын өсіреді. Бастапқыда егін тек отбасына арналған, бірақ биылғы жылы ол көкөністерді коммерциялық мақсатта өсіруді шешті. Аймақта жаңа піскен көкөністерге сұраныс өте жоғары, бірақ аймақ өте суық және үнемі жел соғып тұратындықтан, жылыжайсыз мұндай жобаны жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Ескі жылыжайдың көлемі көкөністердің қажетті мөлшерін өсіруге мүмкіндік бермеді. Жылыжайды кеңейту үшін оған несие қаражаты қажет болды. Кәсіпкер ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының кеңесшілеріне жүгінді, олар оған қаржылық шешімді ұсына отырып, заманауи ресурстық-тиімді жылыжай сатып алуға кеңес берді. GEFF бағдарламасының шарттарына сәйкес тиісті жабдықты Жасыл Технологиялар Селекторынан  таңдап алып, оны кез-келген жеткізушіден Бағдарламаның қаржылық серіктестерінің несиелік қаражатына  сатып алу қажет.

“Жаңартылған жылыжайдың арқасында мен қазір жыл бойы сапалы өнім ала аламын. Жылыжайда дұрыс микроклимат сақталады, ал жақсы жылу оқшаулау менің аймағыма тән температураның күрт өзгеруіне жол бермейді. Алдағы жылы топырақтың сапалы құрамын сақтау үшін жарықтандыру жүйесі мен жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отырмын”, – деді кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.