enrukk

Ақтөбе қаласында химиялық тазартуға арналған жаңа энергия тиімді кондиционер

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Ақтөбе, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді кондиционер
Energy savings
Жылына 0,414 МВт
CO2 savings
Жылына 0,15 тонна
Impact
Электр энергиясының жайлылығын ұлғайту және шығындарын қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді кондиционер ақтөбелік жеке кәсіпкерге клиенттер үшін жағдайды жақсартуға және табысты ұлғайтуға мүмкіндік берді

Ақтөбе қаласының кәсіпкері қаланың орталығында орналасқан химиялық тазартқыштың иесі болып табылады. Соңғы кезде клиенттер ескі кондиционердің нашар жұмыс істеуіне байланысты үй-жайдың өте ыстық екендігіне шағымдана бастады. Иесі оны ауыстыруға шешім қабылдады. Тұрмыстық техника дүкенінде консультант оған  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді. Осы бағдарламаның шарттары бойынша Жасыл Технологиялар Селекторынын қолайлы жабдықтарды таңдау кезінде қаржы серіктесінің кредиттік қаражаты үшін жеткізу және монтаждау жұмыстарының құнын қоса алғанда, сатып алудың жалпы құнының 10% -ы мөлшерінде өтемақы алуға болады.

Кәсіпкер «КМФ» микроқаржылық ұйымына кондиционер сатып алуға несие сұрады. Кредиттік сарапшы Жасыл Технологиялар Cелекторының сайтында кореялық брендтің кондиционерінің лайықты үлгісін таңдауға көмектесті. Кондиционер орнатылғаннан кейін химиялық тазартқышта әлдеқайда ыңғайлы болды. Клиенттер риза және табыс өсуде.

“Бастапқыда мен қымбат емес кондиционер сатып алуды жоспарлаған едім, бірақ жасыл қаржыландыру бағдарламасы туралы білгенде, заманауи энергия тиімді модельді сатып ала алдым. Әрине, мұндай кондиционер әлдеқайда жақсы – ол тыныш жұмыс істейді, электр энергиясын аз тұтынады және ұзақ уақыт қызмет етеді. Өтемақының арқасында жаңа кондиционердің құны мен үшін қолайлы болды. Бұл бағдарламаға өте ризамын “, – деді кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.