enrukk

Шымкент қаласындағы асхана үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш

Investor
Дилдора Рустемова, жеке кәсіпкер
Location
Шымкент, Қазақстан
Investment
Тоңазытқышқа
Investment size
US $ 282,22
Energy savings
Жылына 0,134 МВт
CO2 savings
Жылына 0,050 тонна
Impact
Өнімдердің жаңалығын сақтау және сауда бизнесін дамыту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Шымкенттік жеке кәсіпкер өз асханасына жаңа энергия тиімді тоңазытқыш сатып алды

Шымкент қаласында тұратын Дилдора Рустемова өз асханасы үшін энергия жағынан тиімді жаңа тоңазытқыш сатып алды. Міне, он жылдан астам уақыт бойына ол өз асханасында қаланың орталығында орналасқан автобөлшектер базарына келушілерді тамақтандырып келеді. Ең алғаш рет Дилдора бір жылдай уақыт бұрын Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ -дан азық-түлік сатып алуға  кішігірім микрокредит алған болатын. Ол бірнеше ай бойына тоңазытқышын ауыстыруды жоспарлап, оны жүзеге асыру жолдарын іздестірді, өйткені, оның қолындағы қаржысы аз болатын.  «KMF» МҚҰ кредиттік сарапшысынан энергия жағынан тиімді жабдықты сатып алу кезінде ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша 10% өтемақы – кэшбек алуға болатындығын естіп, Дилора ондай мүмкіндікті қуана-қуана пайдаланды,  түрік өндіруші маркалы тоңазытқышын сатып алды. Жасыл Технологиялар Селекторынан ол А++ + энергия тиімділігі класының тоңазытқышын таңдады.  Бағдарламаның талаптары бойынша Дилдора тоңазытқыштың құнының 10% мөлшерінде кэшбек алды.

«Менің «KMF» МҚҰ-на асханамдағы тоңазытқышты заманауи, электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, ыңғайлы да эргономикалық тоңазытқышқа жаңарту мүмкіндігін бергені үшін алғысым шексіз».

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.