enrukk

Шемонаиха қаласындағы жеке үй үшін жаңа энергия тиімді терезелер

Location
Шемонаиха, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді терезелер
Energy savings
жылына 0.763 МВт
CO2 savings
0,139 жылына тонна
Impact
Жылдың суық мезгілінде жылуды сақтайды, шу мен шаңнан қорғайды
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді терезелер үй қожайынына жылу шығындарын қысқартуға көмектесті, Сонымен қатар, өз үйінің жалпы жайлылығы мен эстетикасын жақсартты

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын қатысушысы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан үйінің терезесін ауыстыруды жоспарлап жүрген екен. Ескі терезе жауын-шашыннан бүлінген, су өтіп, шаң-тозаң кіретін. Сондықтан жазда үйде ыстық, қыста салқын болатын. Көбіне көп терезе суланып кететін.

Үй иесі ескі терезелерді ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша энергиялық тиімді екі камералы терезелерге ауыстыруды шешеді. Терезені сатып алуға қаражаты жетпейді. Сондықтан ол “KMF” МҚК-ға кредит алу үшін хабарласады. Ондағы сарапшы оған Жасыл Технологиялар Селекторынан энергиялық тиімді терезелерді сатып алу кезінде берілетін 10% өтемақы туралы айтып береді. Бұл мүмкіндік үй иесін қызықтырып, ол бірден бірнеше бөлменің терезелерін ауыстыруды ойлайды. Жеткізу мен орнатуға кететін қосымша шығындарды қосқанда терезелердің ақысы 350 мың теңгені (баламасы 833,55 USD) құрады.

Жаңа энергиялық тиімді терезелер оның үйінде жыл бойына жайлы жағдай тудырып қана қоймай, көшеден естілетін шуды да азайтуға мүмкіндік берді. Терезелердің энергияны үнемдеу технологиясына байланысты салқындатқышты үнемі пайдаланбауға да болады.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.