enrukk

Ақтөбе ауылындағы жеке меншік балабақшаға арналған жаңа энергия тиімді терезелер

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Ақтөбе ауылының, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді терезелер
Energy savings
Жылына 0,285 МВт
CO2 savings
Жылына 0,052 тонна
Impact
Жылуды сақтайды және үй-жай ішінде қолайлы жағдайлар жасайды
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді терезелер балаларға қамқорлық жасауға және бизнесті дамытуға көмектеседі

Жамбыл облысы Ақтөбе ауылының тұрғыны – үш кішкентай баланың қамқор анасы. Ол өз отбасымен үлкен жекеменшік үйде тұрады. Екеуі күйеуімен бірге өз үйінде жеке меншік балабақша ұйымдастыруды ұйғарды. Балалардың үйде жайлы болуы үшін үй-жайдың температурасы + 21 + 24 C⁰ деңгейінде болуы тиіс. Ескі терезелердің салдарынан температура төмен болды, әсіресе жылдың суық мезгілінде. Ескі терезелерді жаңа энергия тиімді терезелерге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Үй өте үлкен болғандықтан және терезелерді ауыстыру үшін барлық сома болмағандықтан, қожайындар несие алу үшін «КМФ» микроқаржылық ұйымына жүгінді. Кредиттік сарапшы  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы  туралы айтып берді. Осы Бағдарламаның шарттары бойынша Жасыл Технологиялар Селекторынан қолайлы терезелерді таңдау кезінде қаржы әріптесінің кредиттік қаражаты үшін жеткізу және монтаждау жұмыстарының құнын қоса алғанда, сатып алудың жалпы құнының 10% -ы мөлшерінде өтемақы алуға болады. Бұл ұсыныс ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қатты қызықтырды. Қарыз қаражатына олар жаңа энергия тиімді терезелерді сатып алып, орнатты. Тұрғын үйді жаңғырту балабақшаға көп баланы тартуға және бизнестің табысты дамуына ықпал етті.

“Үйде әлдеқайда жайлы болды. Мұны біз ғана емес, балалардың ата-аналары да байқады. Біз үй-жайларды жиі желдете бастадық, бұл үй-жайдың орташа температурасына әсер етпейді. Жаңа энерготиімді терезелердің арқасында үйде үнемі жылынады. Біз «KMF» МҚҰ-дан несиелеу және GEFF бағдарламасы бойынша өтемақы алу арқылы жүзеге асыра алғанымызға өте ризамыз. Бәріне пайдалануды ұсынамыз! “- деді әйел.

Өтемақыға барлық өтінімдер қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеру-верификациялаудан өтеді. Верификация сәтінде кредит өтелмеуі тиіс. Өтемақы тексеру күнінен кейінгі күнтізбелік айдың соңына дейін тез төленеді. Өтемақы жеке шотқа төленеді. Өтемақыны несиені өтегенге дейін толық көлемде алып, өз мақсатына қарай пайдалануға болады.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.