enrukk

Павлодар облысының жас кәсіпкері үшін суарудың жаңа жүйесі

Investor
Жеке кәсіпке
Location
Pavlodar region
Investment
Суарудың жаңа жүйесі
Resource savings
Суды үнемдеу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi

Суарудың жаңа жүйесі сапалы суаруды және жоғары өнімді қамтамасыз етеді

Павлодар облысының жас кәсіпкері картоп өсірумен айналысуға шешім қабылдады. Оның көптеген туыстары да осы бизнеспен айналысатындықтан, олар оған тамшылатып суару жүйесін сатып алуға кеңес берген. Осы суару технологиясының көмегімен ерітілген тыңайтқыштар сумен бірге тамыр аймағына тікелей жеткізіліп, жоғары өнім алуға ықпал етеді.

Кәсіпкер энергиялық тиімді және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен бизнесті жаңғыртуға ықпал ететін ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының туралы бұған дейін естіген болатын, сондықтан оны пайдалануға шешім қабылдады. Кәсіпкер Бағдарламаның кеңесшісіне жүгінген, ол тамшылатып суарудың жаңа жүйесін сатып алу үшін қаржылық шешім ұсынған. Кәсіпкер Жасыл Технологиялар Селекторынан сайтынан ең қолайлы суару жүйесін таңдаған.

«GEFF бағдарламасының арқасында мен кредиттік қаражатқа топыраққа қоректі заттардың қарқынды және жылдам жеткізілуін қамтамасыз ететін тамшылатып суару жүйесін сатып алдым. Оған қоса дәстүрлі суару сияқты өсімдіктердің жапырақтарын ылғалдандырудан аулақ болғым келді. Бұл жүйе аурудың таралу қаупін едәуір азайтады және жапырақтардан қорғаныс қабатының түсуіне жол бермейді. Жақсы егін жинаймын деп үміттенемін!», – деді кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.