enrukk

Момынай кентінің жеке үйіне жаңбыр суын сақтауға арналған резервуарды сатып алу

Location
Момынай, Қазақстан
Investment
Жаңбыр суын сақтауға арналған резервуар
Resource savings
Суды үнемдеу
Impact
Суды сақтау және көгалдандырудың тұрақты әдістері
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi

Жаңбыр суын сақтауға арналған жаңа резервуар суды сақтауға, оны суаруда тиімді пайдалануға және қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді.

Соңғы кездері су ресурстарын үнемдеу және ұтымды пайдалану мәселесі өте өзекті болды. Суару үшін орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдалану, әсіресе Қазақстанның құрғақ аймақтарында тиімсіз және қымбатқа түсуде. Түркістан облысы, Момынай кентіндегі жеке үйдің иесі бұл мәселені өзінің жеке учаскесін суару үшін ағынды және жаңбыр суын жинауға арналған резервуарды пайдалану арқылы шешті. Бұл ұзақ мерзімді инвестиция екенін түсініп, ол сапалы материалдардан жасалған және тиімді сүзу жүйесімен жабдықталған заманауи модельді сатып алуға шешім қабылдады.

Кәсіпкер ЕҚДБ-ның (GEFF) жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының  кеңесшісіне жүгінді, ол ағынды сулар мен жаңбыр суларын жинауға арналған резервуарды жақсартылған сипаттамалармен сатып алуға кеңес берді және қаржылық шешім ұсынды. GEFF бағдарламасының шарттарына сәйкес тиісті жабдықты Жасыл Технология Селекторы  сайтынан таңдау керек және кез-келген жеткізушіден бағдарламаның қаржылық серіктестерінің несиелік қаражатына сатып алынады.

«Мен резервуарды шатырдан жаңбыр суы ағып жатқан су төгетін құбырдың астына қойдым. Енді мен жаңбыр суын пайдаланып учаскемді суаруға мүмкіндік алдым. Резервуарды сатып алу сонымен қатар су құбырындағы ағын суды тұтынуды айтарлықтай азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі”, – деп бөлісті үй иесі.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.