enrukk

Шымкент қаласындағы шағын азық-түлік дүкеніне арналған жаңа энергиялық тиімді мұздатқыш

Шымкент қаласының кәсіпкері Ералы Данияров өз үйінде шағын азық-түлік дүкенін ұстайды. Данияров жасыл қаржыландыру бағдарламасы бойынша өз дүкеніне Dauscher DCF – 280Q мұздатқышын сатып алды.

«Мен Шымкентте үйден азық-түлік сатумен және жеткізумен айналысамын. Дүкеніме азық-түлікті сақтауға арналған мұздатқыш қажет болып, KMF кредиттік сарапшысы маған «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын ұсынды. Мұздатқышты тез жеткізді, ешқандай қиындық болмады. Қуатты үнемдейді, азық-түлікті де ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Өте ризамын, нәтижесінде кеткен шығыным да мұздатқыш құнынан әлдеқайда аз болды. Кредит сомасының 10% мөлшеріндегі өтемақыны тез алдым, бұған да дән ризамын! KMF-қа дүкенімдегі азық-түліктің балғын болып сақталуы үшін көрсеткен қызметі үшін үлкен рахмет!»

Қазақстанда GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін келесілер қажет:

Жасыл Технологиялар Селекторы – бұл қазақстандық және шетелдік технологиялардың электрондық каталогы.

Сәйкес тексерістен өткеннен кейін кредит сомасынан немесе энергиялық тиімді оңтайландыруға салынған инвестициялар сомасының  10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Өтемақы сомалардың азына есептеледі. Тексеріс кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақылар алдыңғы айда тексерістен өтіп, расталған барлық сұраныстар бойынша әр ай сайын төленеді.

Өтемақы үшін қаражатты Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) ұсынды. Сонымен қатар Австрияның федералды қаржы министрлігі GEFF бойынша техникалық көмек көрсетуді және Жасыл Технологиялар Селекторын жасауды қаржыландырады.

GEFF Жасыл экономикаға көшу (ЖЭК) концепциясы шеңберінде климаттық және экологиялық қаржыландыруды көбейту бойынша ЕҚҚДБ жуық арада жариялаған көлемді жоспарлардың бір бөлігі болып табылады. Мұнда гендерлік аспектілерге ерекше назар аудара отырып, 2025 жылға инвестицияларының жылдық көлемінде климаттық қаржыландыру үлесін 50% дейін жеткізу мақсаты қойылған.

GEFF бағдарламасы ЕҚҚДБ 27 мемлекетінің 155-тен астам қаржылық ұйымдарынан құралған желі арқылы қызмет етеді. Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Бағдарлама бойынша инвестиция көлемі 5 млрд. еуроға, оларды алушылардың саны 202 мың клиентке жетті. Жүзеге асырылған жобалар СО2 шығарындыларын жыл сайын 9 млн тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.