enrukk

Шиелі ауылының шаруа қожалығы үшін тамшылатып суару жүйесі

Investor
Сыздықов Н., өсімдік өсіруші
Location
Шиелі, Қазақстан
Investment
Жаңа тамшылатып суару жүйесі
Energy savings
Жылына 11,48 МВт
CO2 savings
Жылына 3,036 тонна
Impact
Суды тұтынуды үнемдеу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Суарудың жаңа тамшылатылған жүйесі су тұтыну көлемін және еңбек шығындарын азайтуға көмектеседі

Николай Арлиханұлы Сыздықов, Қызылорда облысы Шиелі ауылының тұрғыны, күріш өсірумен ұзақ жылдар айналысады. Бірінші кезекте, өсімдік шаруашылығымен айналысатын адамға уақытты үнемдеп, егін жинау өте маңызды. Сондай-ақ күріштің үнемі су астында болуы маңызды. Николай Арлихановичтің суару жүйесі көп жылдар пайдаланғаннан кейін ауыстыруды талап етті. Ол жаңа тамшылатып суару жүйесін сатып алуға шешім қабылдады, бірақ қажетті сома болмаған. Сондықтан ол қарыз қаржыландыру үшін «КМФ» Микроқаржылық ұйымының (МҚҰ)) жүгінуге шешім қабылдады.

Кредиттік сарапшы ЕДҚҚБ-ның GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы пайдалануды және Жасыл Технологиялар Селекторының сайтында қолайлы жүйені таңдауды ұсынды. Селектор сайтында тіркелген барлық жабдықтар энергия тиімді болып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына, әлемдік стандарттарға және ЕҚДБ-ның энергия үнемдеу жөніндегі талаптарына сәйкес келеді.

“Өткен жылдың ауа райының қолайсыздығы менің бұрынғы суару жүйемдегі проблеманы анықтады. Су тұтыну көлемін және еңбек шығындарын азайту үшін оны тез арада ауыстыру керек болды. Енді жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен өз табысымды арттыра аламын “, – деді Николай Сыздықов.

Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.