enrukk

Атбасар қаласындағы дәріханаға арналған тоңазытқыш жабдықтар

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Атбасар, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді тоңазытқыш
Energy savings
Жылына 1,199 МВт
CO2 savings
Жылына 0,333 тонна
Impact
Бизнестің дамуына ықпал етеді және энергия шығындарын азайтады
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Сату көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Ақмола облысы Атбасар қаласының жас кәсіпкері 2021 жылдан бері шағын дәріханаға ие. Ол жаңа тоңазытқыш сатып алуға шешім қабылдады. Тұрмыстық техника дүкенінде әйел консультанттан ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы көмегімен сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы/кэшбек алуға болатынын білді. Бұл ұсыныс оны қызықтырды. Қажетті модель Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында таңдалды. Әйел кореялық брендтің тоңазытқышын таңдады. Ол несие алу үшін  «KMF» Микроқаржылық ұйымға (МҚҰ) қаржы серіктестерінің біріне жүгінді. Сатып алу ақысын төлеген кәсіпкер верификация-тексеруге құжаттарды тапсырып, келесі айда тоңазытқыш құны мен жеткізу құнының 10% көлемінде өтемақы алды.

“Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін GEFF бағдарламасы қолдаудың тамаша құралы болып табылады. Көп жыл қызмет ететін сапалы, сенімді жабдықтар сатып алу маңызды. Енді сатып алушыларға қажетті дәрі-дәрмек түрлерін кеңейте аламын “. Тексеру-верификациялау сәтінде кредит өтелмеуі тиіс. Өтемақы тексеру күнінен кейінгі күнтізбелік айдың соңына дейін тез төленеді. Өтемақы жеке шотқа төленеді. Өтемақыны несиені өтегенге дейін алуға болады.

Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.