enrukk

Шахтинск қаласындағы өндірістік цех үшін жаңа энергия тиімді газ қазандығы

Investor
Қазақстан компаниясы
Location
Шахтинскі, Қазақстан
Investment
Энергия тиімді газ қазаны
Energy savings
Жылына 0,057 МВт
CO2 savings
Жылына 0,021 тонна
Impact
Электр энергиясының жайлылығын ұлғайту және шығындарын қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді газ қазандығы өндірістік цехтағы электр энергиясы шығындарын азайтуға мүмкіндік берді

Қарағанды облысының Шахтинскі қаласындағы қазақстандық компания 2006 жылдан бері шағын өндірістік цехта жиһаз өндірумен айналысады. Орын-жайды жылыту үшін еденге қойылатын жылу желдеткіші пайдаланылады. Жылу желдеткішінен келетін жылу әсері біртектес емес: жылытқыштың жанында аса ыстық, ал бірнеше метр қашықтықта ауа суып, салқын леп еседі. Сонымен қатар, желдеткіш ауаны тым құрғатып жібереді және электр қуатын көп пайдаланады.

Компания басшылығы  жылыту жүйесін жетілдіру туралы шешім қабылдады. Компания кредит алу үшін  «KMF» Микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) хабарласты. Кредиттік менеджер ЕДҚҚБ  GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын пайдалануға кеңес берді. Ол Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан энергиялық тиімді қазандықты таңдау кезінде құрал-жабдықтың құнының және құрамдас бөлшектері мен орнатуға кететін қосымша шығындардың 10% мөлшерінде өтемақы алуға болатындығын айтып берді. Компания белгілі италияндық өндірушінің энергиялық тиімді газ қазандығының ыңғайлы үлгісін таңдады. Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық қажетті құжаттар тексеруге жолданып, бірнеше аптадан кейін компанияның есеп шотына негізгі құралды сатып алуға кеткен барлық шығындардың, сонымен қатар қосалқы бөлшектері мен орнатуға қосымша шығындардың 10% мөлшерінде өтемақы түсті.

«Цехта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалды және электр қуатын пайдалану үшін келетін есеп шот айтарлықтай азайды.  Енді GEFF Бағдарламасын тағы пайдаланып, құрал-жабдықты жетілдіруді ойлап отырмыз» – дейді компанияның басшысы.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің  қолдауымен іске асырылған.