enrukk

Жамбыл облысындағы жаңа экономикалық бүріккіш.

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Жамбыл облысында, Қазақстан
Investment
Жаңа экономикалық бүріккіш
Investment size
US$10,320
Energy savings
Жылына 36,175 МВт
CO2 savings
Жылына 6,8 тонна
Impact
Отынға жұмсалатын шығындарды қысқарту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді бүріккіш кәсіпкерге жұмысты жеделдетуге және отын шығындарын азайтуға көмектеседі

Жамбыл облысында 4 жылдан астам Жордон-Ұлы Жамали Қасымұлы егін шаруашылығымен айналысады. Ол пияз өсіреді және жәндіктерден люцернаны және қызанақты бүркеді. Жұмыс өнімділігі мен жылдамдығын арттыру үшін кәсіпкер мамандандырылған техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға шешім қабылдады. Барлық техниканы сатып алуды қаржыландыруға өз қаражаты жетпеді. Кәсіпкер несие алу үшін «КМФ» микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жүгінді. Кредиттік сарапшы ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді, оның қолдауымен тек техника сатып алуға ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы құнының 10% көлемінде өтемақы алуға болады. Бұл ұсыныс Жамали Қасымұлын қатты қызықтырды. Танымал украиндық өндірушінің лайықты үлгісі Жасыл Технологиялар Селекторынан сайтында таңдалды. Несие қаражатының көмегімен кәсіпкер жаңа құрал-жабдықтар сатып алды және енді жанармай құюсыз едәуір үлкен алаңдағы өсімдіктерді бүркіп тастай алады, бұл отынды едәуір үнемдейді. Сонымен қатар, басқарма компьютерлендірілген, бұл өте ыңғайлы.

“Менде жұмыс көлемі үлкен, сондықтан мен үшін сапалы техниканың болуы маңызды. «КМФ» МҚҰ-дан және GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы көмегімен мен жұмысты жеделдетуге және отын шығындарын азайтуға көмектесетін жаңа энергия тиімді бүріккіш сатып алдым. Шығарындыларды азайту есебінен қоршаған ортаға да қамқорлық жасаймын “, – дейді Джордон-ұлы Жамали Қасымұлы.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.