enrukk

Энергия тиімділігі және экологиялық тазалық. Орал қаласының компаниясы жаңа экскаватор-тиегіш сатып алды.

Investor
KasProStroi» ЖШС
Location
Орал, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді экскаватор-тиегіш
Investment size
US$ 87,298
Energy savings
Жылына 287,11 МВт
CO2 savings
жылына 73 тонна
Impact
Отынның үнемді шығыны, жұмыс көлемінің ұлғаюы және қоршаған ортаға қамқорлық жасау
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Қазақстандық компания күрделі құрылыс жұмыстарын орындау үшін энергия тиімді арнайы техника сатып алды

Қасымжан Дүйсенғалиев – Орал қаласындағы «KasProStroi» ЖШС құрылыс компаниясының директоры. Компания 5 жылдан астам уақыт бойы көппәтерлі үйлердің құрылысымен айналысып келеді. Бұрын компания өз жұмысы үшін арнайы техниканы жалға алуға мәжбүр болған. Бұл жұмыс процесін қиындатты және елеулі салымдарды талап етті. Сондықтан Қасымжан Дүйсенғалиев өз техникасын сатып алуды ойластырды. Кәсіпкердің барлық жеке қаражаты толық көлемде болмаған, сондықтан ол «КМФ» микроқаржылық ұйымына жүгінген. Кредиттік сарапшы ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді, оның қолдауымен энергия тиімді техниканы сатып алуға ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы құнының 10% -ы көлемінде өтемақы алуға болады.Танымал америкалық брендтің экскаватор-тиегішінің лайықты үлгісі Жасыл Технологиялар Селекторынан сайтында таңдалды. Шағын несие алғаннан кейін кәсіпкер таңдалған техниканы сатып алды, оның көмегімен енді күрделі жұмыстарды орындауға болады, бірақ бұл ретте отын үнемді жұмсалады.

“Біз «КМФ» МҚҰ-дан мен GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы көмегімен заманауи энергия тиімді техниканы сатып алғанымызға өте қуаныштымын. Енді жалға алушылардан құрылыс көлігін іздеудің қажеті жоқ. Енді өзіміздің экскаватор-тиегішіміз бар, ол әрдайым «қол астында». Бұл компания жұмысының үдерісін айтарлықтай жеделдетті, сондай-ақ қоршаған ортаға оң әсер етеді. Біздің компания үшін экскаватор құнының 10% өтемақысы жағымды бонус болды “, – деп атап өтті” KasProStroi “ЖШС директоры Қасымжан Дүйсенғалиев.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.