enrukk

Талас ауылындағы көпбалалы жанұяға арналған энергиялық тиімді бойлер

Location
Талас, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді қазандығы
Energy savings
Жылына 1,4 МВт
CO2 savings
Жылына 0,052 тонна
Impact
Электр энергиясының жайлылығын ұлғайту және шығындарын қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергиялық тиімді бойлер жылыту жүйесін жаңартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.

Үш кішкентай баласы бар жанұя көшіп келген Талас ауылындағы шағын үйде ескі жылыту жүйесі болған еді. Қысқы уақытта үйде айырықша суық болып, балалар жиі ауырып қала беретін. Ата анасы жылыту жүйесін жаңартуды ойлайды, дегенмен жаңа бойлер сатып алуға өздерінің қаражаты жетпеді. Жұбайлар мұның ұзақ жылдарға салынған инвестиция екенін түсінеді, сондықтан сапалы энергиялық тиімді құралды алуға ниеттенеді. ЕДҚҚБ-ның GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын пайдаланған көршілерінің ұсынуымен олар кредит алу үшін «КМФ» Микроқаржылық ұйымына (МҚҰ) жүгінеді. Бұл Бағдарламаның шарттары бойынша қолайлы құралды Жасыл Технологиялар Селекторынан  таңдап, оны кез келген жеткізушіден кредиттік қаражатқа сатып алу қажет. «КМФ» МҚҰ кредиттік менеджері белгілі неміс өндірушісінің ыңғайлы үлгісін таңдауға көмектесіп, кредитті тез рәсімдеді.

«Бойлерді таңдау кезінде біз ұзақ қызмет ететін қауіпсіз және энергиялық тиімді үлгілерге ерекше назар аудардық. Қолайлы үлгілердің көпшілігінің құны біз сатып алатын сомадан артық еді. Алайда «КМФ» МҚҰ кредитінің және GEFF Бағдарламасының көмегімен біз бұрын қол жетпеген сапалы құралды сатып алдық. Енді үйіміз құрғақ әрі жылы. Біз өз балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне сенеміз», – деп әңгімелейді жұбайлар.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.