enrukk

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтерге арналған энергиялық тиімді терезелер

Investor
Нұр-Сұлтан қаласының
Location
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді терезелер
Energy savings
Жылына 2,802 МВт
CO2 savings
Жылына 0,511 тонна
Impact
Жоғары сапалы энергия тиімді терезелер шуды азайтады, пәтерде жайлылық туғызады
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Энергия тиімді терезелер жаңа иелердің пәтерінде жылу береді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жаңадан пәтер сатып алып, оны жөндеуді жоспарлайды. Үй иесіне үйдің терезелері ұнамады. Олар ескі ағаш жақтаулы әрі бір терезесінің әйнегі сынған болатын. Үй иесі оларды ауыстыру үшін әйнек жасайтын зауытқа хабарласады. Зауытта оған  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша энергиялық тиімді терезелерді сатып алуды ұсынады. Бұл бағдарламаның шарттары бойынша Жасыл Технологиялар Селекторынан қаржылық серіктестің кредиттік қаражаты есебінен қолайлы терезені таңдау кезінде сатып алу құнының 10% мөлшерінде өтемақы алуға болады. Ұсыныс өте тиімді болғандықтан әйел адам «КМФ» микроқаржылық ұйымына (бағдарламаның қаржылық серіктестерінің бірі) кредит алуға жүгінеді. Қажетті сомасын алған әйел қажетін сатып алып, бір аптадан кейін жаңа энергиялық тиімді терезелерін пәтеріне орнатып та алады. Жаңа терезелерімен пәтер де жарық, қолайлы әрі тынышырақ болғандай.

«Мен достарымды жаңа пәтеріме шақырдым, сонда қонақтарым пәтерде ең алдымен жаңа терезелерді байқады. Мен терезелерді «КМФ» МҚҰ-дан 6 ай мерзіміне кредитке сатып алғанымды айтып бердім. Ай сайынғы төлемі де шағын және біздің отбасылық бюджетімізге қолайлы. Содан кейін терезелерді ауыстыруға кеткен барлық шығындардың 10% мөлшерінде өтемақы алғанымды айтқан кезде қонақтарымның бірқатары мұндай қолайлы ұсынысты пайдалануға ниет білдірді»,-деп әңгімелейді үй иесі. Тексеру кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақы өте тез, тексеріс күнінен бастап келесі күнтізбелік айдың соңына дейін төленеді. Өтемақы жеке есеп-шотқа төленеді. Өтемақыны кредитті өтегенге дейін алуға болады.

Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.