Сұлулық салонында орнатылған жаңа энергия тиімді терезелер жылуды сақтап қана қоймай, клиенттер санын арттырады
Қапшағай қаласындағы шағын сұлулық салонының иесі ескі терезелерін жаңасына ауыстыруды жоспардайды. Себебі көптеген клиенттері терезелерден суық жел келеді деп шағымданатын. Клиенттер үшін қолайлы жағдай жасау – сұлулық салонының сәтті жұмыс істеуінің бірден бір шарты, сондықтан сапалы энергиялық тиімді терезелерді алу туралы шешім қабылданды.
Жақын арада салонның иесі Нұр-Сұлтан қаласындағы өзінің танысында қонақта болып, сол кезде танысы өз пәтеріндегі ескі терезелерді ЕДҚҚБ-ның GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа энергиялық тиімді терезелеріне ауыстырғанын айтып береді. Бағдарлама Қазақстанның бүкіл аумағында әрекет ететіндіктен, Жасыл Технологиялар Селекторының көмегімен салон иесі Қапшағай қаласында бағдарламаға сәйкес келетін терезелерді жеткізушіні тауып, сұраныс береді. Тапсырыстың ақысын төлеу үшін салон иесі «КМФ» Микроқаржылық ұйымының (МҚҰ) кредиттік қаражатын пайдаланады.
«Мен жобаны тексеруге құжаттарды «KMF»» МҚҰ кредиттік сарапшысы арқылы терезелер орнатылғаннан кейін бірден тапсырдым және бірнеше аптадан кейін терезелердің құнының, сонымен қатар жеткізу мен орнатуға кеткен шығындардың көлемінің 10% мөлшерінде өтемақыны алдым. Кредитті бір жылға алдым, кредитке қызмет көрсету үшін ай сайынғы шығындар да қолайлы. Бағдарлама керемет! Енді менің салонымның іші өте қолайлы және клиенттерімнің саны да көбеюде»,-дейді салон иесі. Тексеру кезінде кредит өтелмеген болуы тиіс. Өтемақы өте тез, тексеріс күнінен бастап келесі күнтізбелік айдың соңына дейін төленеді. Өтемақы жеке есеп-шотқа төленеді. Өтемақыны кредитті өтегенге дейін алуға болады.
Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Supported by: