enrukk

Қазақстанның отбасы өз үйінің қасбетін жылытты

Investor
Зарина Шахмет, жеке кәсіпкер
Location
Қарағанда, Қазақстан
Investment
Жас кәсіпкердің үйіне арналған жаңа жылытқыш
Investment size
US$ 852
Energy savings
Жылына 0,401 МВт
CO2 savings
Жылына 0,148 тонна
Impact
Үйдің қасбетін жылыту және тұру және еңбек жағдайларын жақсарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жас кәсіпкер жылу оқшаулау арқылы үйінің жайлылығын арттырады

Зарина Шахмет – Қарағанды қаласының жас кәсіпкері. Зарина үйде тігін цехы бар және әйелдердің киімдерін, алжапқыштарды, дастархандарды жеке тігумен айналысады. Пандемия басталысымен кәсіпкер бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп, бетке арналған матадан жасалған қорғаныш маскаларын тігумен айналысты. Зарина маскаларды сату үшін арнайы инстаграм бетін ашып, дамытады.

үздің және суықтың басталуы қарсаңында отбасы үйін жылытуды жоспарлаған. Шағын несие алу үшін Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ, кредиттік сарапшыдан ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын, пайдалану мүмкіндігі туралы кеңес алды. Бағдарлама несиелік қаражатқа сатып алынған энергия тиімді технологиялар мен жабдықтарды сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы (кэшбэк) алуға мүмкіндік беретінін назарға ала отырып, Зарина ойланбастан келісті.

Кәсіпкер Жасыл Технологиялар Cелекторының сайтында Қазақстанда ұсынылған ресейлік ірі өндірушіден оқшаулау материалын таңдады. Алынған қарызға әйел оқшаулау материалын сатып алып, оны жеткізу үшін ақы төледі. Жиынтық инвестициялық шығындар 852 US долларын құрады. Зарина енді үйде маусымаралық уақытта да, қыста да жылы әрі жайлы болатынына сенімді. Үйдің қасбетін жылыту жұмыстары аяқталғаннан кейін Зарина верификация-тексеруге құжаттарын тапсырып, өтемақы алды.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.