enrukk

Талдықорған қаласындағы “Tim&Ko” кафесіне жаңа энергия үнемдеуіш тоңазытқыш.

Investor
Светлана Шин, жеке кәсіпкер
Location
Талдықорған, Қазақстан
Investment
тоңазытқыш жабдық
Investment size
US $ 560
Energy savings
жылына 0,364 МВт
CO2 savings
жылына 0,135 тонна
Impact
Өнімдердің жаңалығын сақтау және сауда бизнесін дамыту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Талдықорған кәсіпкері өзінің дәмханасында жаңа піскен тамағы болу үшін энергия тиімді тоңазытқыш сатып алды

ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын бойынша кредит алған алғашқы клиенттердің бірі Талдықорған қаласының кәсіпкері Светлана Шин болды. Светлана қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқарады, ” Tim&Ko ” кафелер желісінің иесі. Оның кафесі нарықта бес жылдан артық жұмыс істеп келеді және қала тұрғындары арасында белгілі.

Кафелердің бірінде тоңазытқыш бұзылып қалды, жөндеуге келмейді. Светлана достарынан Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ-тан тұрмыстық техниканы кредитке алып, сол үшін сатып алу құнының 10% мөлшерінде өтемақы алуға болатындығы туралы естиді. Светлананы кафедегі құралдарды жаңартудың мұндай мүмкіндігі қызықтырып, ол МҚК “KMF” қалалық бөлімшесіне жолығады. Дүкендегі МҚК “KMF” кредиттік маманы Жасыл Технологиялар Селекторынан энергияны үнемдеу бойынша жасыл қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін және клиенттің талаптарын қанағаттандыратын тоңазытқышты таңдауға көмектесті. Кредит қаражатына ол белгілі корей маркасы маркалы тоңазытқыш сатып алып, өз кафесіне орнатты. Осыдан кейін верификация үшін сәйкес құжаттарды ұсынып, үш аптадан кейін тоңазытқыштың құнының 10% мөлшерінде GEFF бағдарламасы бойынша өтемақы алды.

«Барлығы тез, жеңіл, ешқандай қиындықсыз өтті» дейді Светлана Эдуардовна – оған қоса GEFF-тен өтемақы алды.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.