enrukk

Балпық би ауылындағы автокөліктерді жөндеу шеберханасына арналған жаңа энергия тиімді газ қазандығы

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Балпық би, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді газ қазандығы
Energy savings
Жылына 0,603 МВт
CO2 savings
Жылына 0,22 тонна
Impact
Электр энергиясының жайлылығын ұлғайту және шығындарын қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді газ қазандығы Балпық бидің жеке кәсіпкеріне қызметкерлер үшін жағдайды жақсартуға және табысты ұлғайтуға мүмкіндік берді

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының кәсіпкері отбасылық бизнестің қожайыны болып табылады. Олар ағасымен бірге автокөліктерді жөндейтін шағын шеберхана ұйымдастырды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үй-жай жақында салынған және жылу беру әлі жүргізілмеген. Қызметкерлер үй-жайда жұмыс істеу суық, қолдары үнемі қатып қалады деп шағымданатын. Жаңа газ қазандығын сатып алуға инвестиция салу туралы шешім қабылданды. Жылыту жабдықтары дүкенінде сатушы  ЕДҚҚБ-ның  GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы  бойынша «КМФ» микроқаржылық ұйымына арқылы несие ресімдеу, сондай-ақ сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Бұл өте қызықты ұсыныс болды.

Несиені рәсімдеу кезінде «KMF» МҚҰ сарапшысы Жасыл Технологиялар Селекторынан  сайтында корей брендінің қазандығының лайықты үлгісін таңдауға көмектесті. Ол кредиттік қаражатты пайдалану кезінде өтемақыны есептеу үшін базис жабдықтың құны мен жеткізуге, газ желісіне қосылуға арналған ілеспе шығыстарды және жинақтауыштарды қамтитын сома болып табылатынына назар аударды. Газ қазандығын орнатқаннан кейін үй-жайда әлдеқайда жылы болды. Енді жөндеу жұмыстары тезірек жүргізілуде, айналым мен пайда артты.

«Әрине, біз өтемақының арқасында шығындарды едәуір үнемдеп, жаңа энергия тиімді құрал-жабдықтардың көмегімен бизнесімізді жаңғырту мүмкіндігін пайдаланғанымызға өте ризамыз», – деп бөліседі риза кәсіпкер.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.